Әлеуметтік сала

«ULBA» орталық мәдениет үйі

«ULBA» орталық мәдениет үйі – бұл көпсалалы заманауй деңгейдегі мәдени-көңіл көтеру орталығы, бұнда отбасының әр мүшесі, жасына және қызығушылығына қарамастан өз талғамы бойынша көңіл көтере алады.

  • «Hollywood» киноконцерт кешені жұмсақ жайлы креслолармен жабдықталған 2 залдан тұрады (91 және 504 орын). Кинозалдарда Dolby Digital Surround EV дыбыс жүйесі мен заманауй кинопроекциялық құрал-жабдық орнатылған.

  • Кофейня «Coffee Inn» – бұл жер сіз іскерлік кездесу, романтикалық кешкі ас немесе отбасылық салтанат өткізе алатын орын.
  • «Фуд-Корт» тез тамақтану дәмханасы жеңіл таңғы асқа, дәмді түскі асқа және тамаша кешкі асқа шақырады, сонымен бірге, шаурма, суши, ауызда еритін котлеттер, десерттер, әр түрлі коктейлдер және тағы басқа көптеген тағамдар сіздің тәбетіңізді ашады.
  • «Мадагаскар» балалар дәмханасы балалар мен олардың ата-аналарын отбасылық мерекені атап өтуге шақырады. Ас мәзірі балаларға арналған тағамдарға қойылатын барлық талаптарды есепке ала отырып жасалған, ал тағамды қызықты етіп әрлеу тіпті ең кішкене қонақтың өзін қызықтырмай қоймады.

  • «Джунгли» балалар ойын аймағы 8 жасқа дейінгі балаларға орасан зор қуаныш сыйлайды! Ойын және спорт элементтері бар әр түрлі деңгейдегі әсем лабиринттер балаларды қиял әлемі мен қызықты ойындарға жетелейді. Белсенді ойын түрлеріне арналған ұмытылмас аттракциондардың түржиыны өте бай. Әр түрлі өлшемдегі және күрделілігі әр қилы батуттар балалар үшін тамаша ғажайып.
  • «Laser Runner» лазер ұрысы: командалық ойын, ойындардың әр түрлі сцейнарийлері, 350 шаршы метр ойын алаңы, лазер әсері, виртуальді ойын стиліндегі интерьер, қос қабатты лабиринт, оқушыларға арналған төмендетілген бағадағы арнайы ұсыныс, жаңа сезімдер, әрине әр жастағы балалар үшін өте қызық!
  • Ойын автоматтары залы – осы іспеттес қаладағы жалғыз зал болып табылады! Бұл залда болғанда сіз тек көңіл-күйіңізді ғана көтеріп қоймай, сонымен қатар, өз жадыңыз бен ептілігіңізді де жаттықтырасыз.
  • «Автодром» аттракционы - бұл балаларға ғана емес, сонымен бірге ата-аналарға да орасан зор қуаныш сыйлайтын көпшілікке мәлім аттракциондардың бірі.
  • «12 футов» бильярдының қаладағы басқа бильярдтардан артықшылығы онда «Снукер» ойынына арналған столдың болуы. Онда тәжірибелі маркер оқуынан өтіп, нағыз кәсіби шебер болу мүмкіндігі бар.
  • «Beer Linn» сыра бары – бұл неміс стиліндегі интерьер, сыраның бай түржиыны, әр түрлі ас мәзірі (ет тағамдары, салаттар, бірегей сыра тіскебасарлары).
  • «Местечко» жазғы дәмханада тамаша жаз күнінің шуағына бөленуге, салқын сыра ішіп, әр түрлі талғамдағы кәуәптан дәм татуға немесе уақытты қызықты өткізуге болады.

Кафе быстрого питания - «Фуд-Корт"
Пивной бар «Beer Linn
   
 
Зал игровых автоматов
 

 

Copyright 2001-2012