Директорлар кеңесінің құрамы

Директорлар кеңесі Қоғам қызметіне жалпы басшылық жасауды іске асыратын Қоғамның басқару органы болып табылады. Директорлар кеңесінің шешімдері Қоғам Жарғысында, Қоғамды Корпоративтік басқару кодексінде және Директорлар кеңесі туралы қағидада белгіленген тәртіпте қабылданады.  
Қоғамда Жалғыз акционердің Шешімімен бекітілген Директорлар кеңесі туралы қағида әрекет етеді. Директорлар кеңесі Қоғамды тиімді басқаруды қамтамасыз етіп қана қоймай, бақылау жүйесінің жұмыс істеуіне, сондай-ақ Жалғыз акционердің құқықтары мен заңды мүдделерін қадағалау мен қорғауды да қамтамасыз етеді.
Директорлар кеңесінің қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қағидаттарға және іскери этика нормаларына негізделеді.

Директорлар кеңесі мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар
 

Директорлар кеңесі мүшелігіне кандидаттар және Директорлар кеңесінің мүшелерінде өз міндеттерін орындау және Жалғыз акционер мен Қоғамның мүдделері үшін Директорлар кеңесінің тиімді жұмыс істеуін ұйымдастыру үшін тиісті жұмыс тәжірибесі, білімі, іскери және (немесе) салалық ортадағы біліктілігі мен оң жетістіктері болуға және Қоғамның ішкі құжаттарында көзделген талаптарға жауап беруге тиіс.

Қоғамның тәуелсіз директорларына қойылатын талаптар

Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес Қоғамның тәуелсіз директорының кандидатурасы мына критерийлерге жауап беруге тиіс:
1) Қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып табылмайды және Директорлар кеңесіне сайланудың алдындағы үш жыл ішінде болған жоқ (Қоғамның тәуелсіз директоры лауазымын атқару жағдайын қоспағанда);
2) Қоғамның және оның аффилиирленген тұлғаларының қызметкері болып табылмайды және Директорлар кеңесіне сайланудың алдындағы үш жыл ішінде болған жоқ;
3) Қоғамның қызметкерімен жақын туыстықта (ата-анасы, ағасы, апайы, ұлы, қызы), некеде, сондай-ақ жегжаттықта (жұбайының ағасы, апайы, ата-анасы, ұлы немесе қызы) тұрған жоқ және Қоғамның Директорлар кеңесіне сайланудың алдындағы үш жыл ішінде тұрған жоқ;   
4) Қоғамның аффилиирленген тұлғаларына қатысты аффилиирленген тұлға болып табылмайды;
5) Қоғамның лауазымды тұлғаларына немесе ұйымдардың – Қоғамның аффилиирленген тұлғаларының бағыныстылықпен байланысты емес және Директорлар кеңесіне сайланудың алдындағы үш жыл ішінде аталған тұлғалармен бағыныстылықта болған жоқ;
6) Қоғамның немесе оның аффилиирленген тұлғаларының ірі клиенті немесе жеткізушісінің аффилиирленген тұлғасы болып табылмайды және Директорлар кеңесіне сайланудың алдындағы үш жыл ішінде болған жоқ;  
7) Қоғамнан немесе оның аффилиирленген тұлғаларынан айтарлықтай қаржыландыру алатын коммерциялық емес ұйымның аффилиирленген тұлғасы болып табылмайды;  
8) Қоғамға немесе оның аффилиирленген тұлғаларына кез келген сипаттағы ақылы қызметтер, соның ішінде кеңес беру қызметтерін көрсетпейді; 
9) Қоғам қызметкері Директорлар кеңесінің мүшесі лауазымын атқаратын заңды тұлғаның лауазымды тұлғасы болып табылмайды;
10) мемлекеттік қызметші болып табылмайды;
11) Қоғам аудиторы болып табылмайды және Директорлар кеңесіне сайланудың алдындағы үш жыл ішінде болған жоқ;
12) аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде Қоғам аудитіне қатыспайды және Директорлар кеңесіне сайланудың алдындағы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатысқан жоқ;
13) Қоғам аудиторының немесе оның аффилиирленген тұлғаларының аффилиирленген тұлғасы болып табылмайды және Директорлар кеңесіне сайланудың алдындағы үш жыл ішінде болған жоқ. 

Директорлар кеңесінің құрамы

   
Сарымсаков Досболат Аманбекович Сарымсаков Досболат Аманбекович
Директорлар кеңесінің Төрағасы

1971 жылы туған. 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті физика факультетінің «Физик» мамандығы бойынша ағылшын тілінде оқыту құқығымен бітірді.     
1997 - 1999 Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясы, Халықаралық қатынастар, халықаралық қатынастар саласындағы маман.

1995 - Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар министрлігінің жетекші маманы.
1996 ж. бастап  1997 ж. аралығында - ҚР Ұлттық ядролық орталығы,  инженер-бағдарламашы: Атом энергиясы институты, Радиациялық диффузия зертханасы.
2000 ж. бастап  - 2007 ж. аралығында – «Таратпауға атсалысу орталығы» қауымдастығы, жобалар жөніндегі менеджер.
2008 ж. бастап  2011 ж. аралығында - «Таратпауға атсалысу орталығы» қауымдастығы, атқарушы директор.
2011 ж. бастап  -2017 ж. аралығында – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ЯОЦ жобалар департаменттерінің менеджері.
2017 жылдың қазан айынан бастап – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ЯОЦ жобалар департаментінің директоры.

2021 жылғы қыркүйектен бастап - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ЯОЦ бойынша Бас директор, директорлар кеңесінің Төрағасы, Директорлар кеңесінің қазіргі құрамына сайланған күні –
26.06.2022 ж.
Азаматтығы - ҚР.
   
Жаныбеков Сеитжан Бауыржанулы

Жаныбеков Сеитжан Бауыржанулы
Директорлар кеңесінің мүшесі

1994 жылы туған. 2014 жылы Мичиган мемлекеттік университетін “Жабдықтау тізбегін басқару» мамандығы бойынша бітірді.
2016 жылы Қазақ-Британ техникалық университетін «Менеджмент» (Магистратура) мамандығы бойынша бітірген.

2013 жылғы мамырдан бастап 2013 жылғы тамыз аралығында - «Филип Моррис Қазақстан»  ЖШС логистика бөлімі маманының көмекшісі.
2014 жылғы қарашадан бастап 2015 жылғы желтоқсан аралығында  - «Глобалинк транспортейшн энд лоджистикс ворлдвайд» ЖШС PRO бөлімінің үйлестірушісі.
2016 жылғы қаңтардан бастап 2016 жылғы маусым аралығында – «Маммут КЗ» ЖШС коммерциялық менеджері.
2016 жылғы шілдеден бастап 2017 жылғы сәуір аралығында – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ сатуды қолдау департаментінің АҚКШ жұмыскері.
2017 жылғы сәуірден бастап – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ сатуды қолдау департаментінің менеджері, бас менеджері, бөлім бастығы, директордың орынбасары, бас сарапшысы.
2021 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ маркетинг департаментінің директоры.
Директорлар кеңесінің қолданыстағы құрамына сайланған күні - 12.01.2023 жыл.
Азаматтығы-ҚР.

   
Рыспанов Алмас Әбдіғалиұлы Рыспанов Алмас Әбдіғалиұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі

1987 жылы туған.  2008 жылы Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжау Институтын (КИМЭП) аяқтады, Іскери Әкімшілдеу және Бухгалтерлік есеп Бакалавры.

2008 бастап 2009 дейін - «КПМГ Аудит» ЖШС Аудит департаменті қаржылық институттардың 1-сектор ассистенті;
2010 бастап 2012 дейін - ҚР Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есептік комитеттің сыртқы байланыс жөніндегі сарапшысы, сыртқы байланыс жөніндегі бас сарапшысы;
2012 бастап 2015 дейін - ҚР Парламент Мәжіліс Аппараты депутатының көмекшісі;
2015 бастап 2017 дейін - «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС Инвестициялық жобалар департаментінің менеджері, бас менеджері (директордың м.а.);
2017 бастап 2020 дейін - «РУ-6» ЖШС Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары;
2020 маусымнан бастап 2021 ақпанға дейін - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Экономикалық талдау департаментінің директоры;
2020 маусымнан бастап осы уақытқа дейін  - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Экономика және жоспарлау департаментінің директоры.
Директорлар кеңесінің жұмыс істейтін құрамына сайлану күні – 26.06.2022 жыл.
Азаматтығы – ҚР

   
Бежецкий Сергей Владимирович Бежецкий Сергей Владимирович
Директорлар кеңесінің мүшесі

1969 жылы туған. 1994 жылы «Ядролық-химиялық технология» мамандығы бойынша Томск политехникалық институтын бітірді. 2009 жылы «МВА – жалпы стратегиялық менеджмент» мамандығы бойынша Москва мемлекеттік университеті – Экономика жоғары мектебін бітірді.

1994 жылдан бастап «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-да жұмыс істейді.
1994 бастап 2004 аралығында  – уран өндірісі «В» цехының 6-разрядты аппаратшысы, «В» цехының ауысым шебері, «В» цехы ұнтақ өндіру бөлімшесінің технологы, уран өндірісі «В» цехы бастығының орынбасары – технологы.
2004 бастап 2008 аралығында – уран өндірісі директорының өндіріс жөніндегі орынбасары.
2008 бастап 2018 аралығында – уран өндірісінің директоры.
2018 бастап 2020 аралығында – «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары – бас инженері.
2020 жылғы қыркүйектен бастап – «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасы, Директорлар кеңесінің жұмыс істейтін құрамына сайлану күні – 26.06.2022 ж.
Азаматтығы – ҚР.
   
Жакипова Асем Серикановна Жакипова  Асем Серикановна, FCCA, PMP
Тәуелсіз директор

1984 жылы туған. 2005 жылы Қазақстан Менеджмент, Экономика және болжамдау институтын (ҚМЭБИ) бітірген, іскерлік әкімшілендіру және бухгалтерлік есеп бакалавры. 2010 жылы Ұлыбританияның Кембридж университетін бітірген (University of Cambridge, UK), қаржы магистрі – "Болашақ"стипендиясының иегері.  2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - Женева Бизнес мектебі (Geneva Business School), Халықаралық қаржы саласында іскерлік әкімшілендіру докторы (DBA).

2009 жылдан бастап халықаралық сертификатталған бухгалтерлер қауымдастығының (АССА) мүшесі.

2005 жылдан 2012 жылға дейін- капитал нарықтарында мәмілелерді сүйемелдеу бойынша қызметтер жөніндегі менеджер
Прайсвотерхаускуперс( Лондон, Гонконг және Астана);
2012 жылдан 2019 жылға дейін-Ресей/ТМД аймағы бойынша қаржы менеджері, GE Transportation, Астана (Қазақстан);
2018 жылғы мамырдан 2019 жылғы шілдеге дейін Қоғамның Директорлар Кеңесіндегі тәуелсіз директор, ДК жанындағы аудиторлық комитеттің мүшесі, Астана Инновейшнс АҚ, Астана (Қазақстан);
2019 жылдан 2020 жылға дейін-Астана халықаралық қаржы орталығының (ХҚО) Ішкі аудиторы, қаржылық қызметтер жөніндегі реттеуші.  бас операциялық Директор, АХҚО соты (Астана халықаралық қаржы орталығы), АХҚО Халықаралық төрелік орталығы;
2019 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін-Ақбастау БК АҚ директорлар Кеңесінде тәуелсіз директор.
Директорлар кеңесінің жұмыс істейтін құрамына сайланған күні-26.06.2022 ж.
Азаматтығы – ҚР.

   
Раимханов Абзал Тулепбергенович Раимханов Абзал Түлепбергенұлы
Тәуелсіз директор

1984 жылы туған.  2006 жылы Қ.И. Сәтпаев ат. ҚазҰЗТУ, Қазақстан Республикасы «Машина құрастыру» мамандығы бойынша аяқтады. 2009 жылы  Staffordshire University/APIIT, Куала-Лумпур, Малайзия, «Технологияларды басқару» мамандығы бойынша аяқтады. 2019 жылы MIT (АҚШ) ынтымақтастағы  Asia School of Business, Куала-Лумпур, Малайзия, «Бизнес-әкімшілдеу, MBA» мамандығы бойынша аяқтады.

2006 бастап 2007 дейін  – Инженер, «Алматыметрострой» АҚ, Алматы,  Қазақстан Республикасы, инженер;
2009 бастап 2011 дейін  – Бас менеджер, Менеджер, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ, Астана,  Қазақстан Республикасы;
2011 бастап 2014 дейін – ОА бизнесті дамыту жөніндегі директоры, SNC-Lavalin INC. Астана,  Қазақстан Республикасы;
2014 мамырдан бастап  2014 қарашаға дейін  – бизнесті дамыту жөніндегі директоры, «Базис А» ЖШС Астана, Қазақстан Республикасы;
2014  бастап 2015 дейін  – ҚР бойынша менеджер, TYPSA S.A. Астана,  Қазақстан Республикасы;
2015  бастап 2017 дейін  – Директор, «Resmi Trade» ЖШС, Астана,  Қазақстан Республикасы;
2018 маусымнан  бастап 2018 тамызға дейін  – Кеңесші, Petronas Куала Лумпур, Малайзия;
2019  бастап 2020 дейін - Бас Директордың орынбасары,  Esquel Group Пенанг, Малайзия;
2021 ақпаннан бастап  2021 сәуірге дейін  - Маркетинг және сату жөніндегі кеңесші, Olive House Пенанг, Малайзия;
2021 ақпаннан бастап осы уақытқа дейін  –  Профессордың ғылыми жұмыс жөніндегі көмекшісі, Asia School of Business + Massachusetts Institute of Technology Куала Лумпур, Малайзия + Кэмбридж, АҚШ.  Басқарушы серіктес, ARnomad Consulting Дубай, БАЭ негізін қалаушы.
Директорлар кеңесінің жұмыс істейтін құрамына сайлану күні – 26.06.2022 ж.
Азаматтығы – ҚР.

   
Аманжолов Алмаз Канатбекович

Аманжолов Алмаз Қанатбекұлы, FCCA 
Тәуелсіз директор

1983 жылы туған. 2002 жылы Қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжін «Маркетинг» мамандығы бойынша аяқтады. 2006 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылы "Стратегия және көшбасшылық саласындағы Слоун Магистратура" бағдарламасы бойынша Лондондағы Бизнес мектебін бітірді. 2013 жылдан бастап Дипломды Сертификатталған Бухгалтерлердің Халықаралық қауымдастығының мүшесі болып табылады (ACCA).

2006 жылдан 2010 жылға дейін – Deloitte аудитор ассистентінен аға аудиторына дейін.
2011 ж. – «Менеджмент Солюшенс» ЖШС қаржы менеджері».
2011 жылдан 2014 жылға дейін – «Altyntau Kokshetau» АҚ Бас қаржылық бақылаушысы,
«Казцинк» ЖШС жобалық менеджері, «Altyntau Resources» АҚ Стратегиялық даму және
M&A департаментінің директоры.
2014 жылдан 2017 жылға дейін – «Odyssey Investments Group» ЖШС Бас директорының қаржы жөніндегі орынбасары.
2017 жылдан 2018 жылға дейін – «Odyssey Investments Group» ЖШС Бас директоры.
2019 ж. – «Астана» халықаралық қаржы орталығының маркетинг жөніндегі директоры.
2020-Директор, AIFC Business Connect Ltd мәмілелерін тарту және құрылымдау жөніндегі дивизион басшысы. («Астана» халықаралық қаржы орталығы әкімшілігінің еншілес компаниясы).
2022 - White hill Capital Ltd., компаниясының Бас инвестициялық директоры, WHC Tech Ventures венчурлық қорының басқарушы компаниясы.
2022 жылғы сәуірден бастап-Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Бірінші Вице-Министрінің штаттан тыс кеңесшісі.
Директорлар кеңесінің жұмыс істейтін құрамына сайлану күні – 18.02.2021ж.
Азаматтығы – ҚР.