Ғылым

Орталық ғылыми–зерттеу зертханасы

Орталық ғылыми – зерттеу зертханасы (ОҒЗЗ)

«ҮМЗ» АҚ  орталық ғылыми – зерттеу зертханасы  Қазақстан Республикасының атом  өнеркәсібі  кәсіпорындарының ғылыми, техникалық, технологиялық мәселелерін, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешу үшін құрылған.


  Мақсаттар:

  • Әлем  рыногында  «ҮМЗ» АҚ мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК»  АҚ  уран, тантал, ниобий мен бериллий өндіру және қайта өңдеу саласында  жоғары дәрежелі бәсекелестік қабілетін  қамтамасыз ету үшін, ғылыми-техникалық  жұмыс жүргізу;
  • Еліміздің  басымды ғылыми-техникалық  даму салаларында- ядролық технологиялар, нанотехнологиялар, ғарыштық технологиялар, қоршаған ортаны қорғаудың жаңа технологиялары- жаңа материалдар мен технологиялар  әзірлеу;
  • Технологиялар әзірлеу және «ҮМЗ» АҚ  үшін дәстүрлі  негіздегі   металдары мен  аймақтық минералды-шикізат базасының ресурстарын үнемді пайдалануда  жаңа ғылыми жоғары технологиялық өнімдер өндірістерінің  бизнес негіздерін құру;

ОҒЗЗ  өз  қызметін  Қазақстанның  дамуында атом өнеркәсібінің ғылыми-техникалық әлеуетін  толық пайдалану  үшін, «ҮМЗ»  АҚ  мен  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК»  АҚ  ұзақ мерзімді перспективаның стратегиялық дамуының  басымды  бағыттарын  басшылыққа  алып, іске асырады.

 

  Қызмет  салалары

ОҒЗЗ  ғылыми-техникалық  қызметін  келесі  салаларда іске асырады:

  • «ҮМЗ»  АҚ   мен  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК»  АҚ  бәсекелестігін  жоғарылатуға көмектесетін жаңа  материалдарды, ғылыми технологиялар  мен  үнемді  техникалық шешімдерді  әзірлеу  мақсатымен  ғылыми-зерттеу  жұмыстарды (ҒЗЖ) дайындау,  ұйымдастыру, жүргізу;  
  • ҒЗЖ нәтижелерінің негізінде жаңа материалдар мен технологиялардың тәжірибелік үлгілерін  өнеркәсіпке енгізу үшін сынау мақсатымен   тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру;
  • Нормативтік-техникалық  құжаттаманы   әзірлеу, ғылыми-техникалық ақпаратпен қамтамасыз  ету  бойынша   ғылыми-техникалық,  инжиниринг  және  консалтинг қызметтерін  көрсету.

  Қызметтің  негізгі  бағыттары

  • Ядролық-отын циклі мен  өнеркәсіптің басқа салалары үшін,  іс жүзіндегі және жаңа  материалдар мен технологияларды  жетілдіру бойынша  ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізу;
  • Стратегиялық маркетинг зерттеулерінің саласында  консалтинг қызметін көрсету;
  • Инвестициялық  және  инновациялық бағдарламаларды  дайындау;
  • Жоғары технологиялық және ғылыми өндірістерді  бизнес-жоспарлау;
  • Қоршаған ортаны қорғау  және аумақта техногендік  салмақты  төмендету.

ОҒЗЗ  негізгі  тапсырыс  берушілері  «ҮМЗ» АҚ және «Қазатомөнеркәсіп» АҚ әртүрлі  кәсіпорындары.
ОҒЗЗ Мемлекеттік бюджеттен  қаржыланатын  елімізге қажетті  басымды ғылыми-техникалық бағдарламаларды  орындауға  қатысады.


  Байланыс ақпарат

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 102
Телефон: 8 (3232) 268-301
факс: 8 (3232) 29-82-73, 24-06-83
e-mail: ZorinBL@ulba.kz

 

 

 

Copyright 2001-2012