"ҮЛБІ МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ ЗАУЫТЫ" АҚ
Атом энергетикасы, электронды және металлургиялық өнеркәсіп және басқа да қызмет облыстарының қажеттіліктеріне арналған уран, бериллий, тантал мен ниобий өнімдерін өндіруші. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді. Болашаққа бізбен бірге!Сынау орталығы
Сынау орталығы (СО) 01.01.2009ж. «ҮМЗ» АҚ үш бөлімше - орталық зауыт зертханасы (ОЗЗ), еңбек және қоршаған ортаны қорғау зертханасы (ЕҚОҚЗ), техникалық бақылау бөлімі (ТББ) біріктірілді. 2010 жылы СО құрамына өлшеу техникасының орталық зертханасы (ӨТОЗ) кірді.
СО негізгі міндеттері:
- «ҮМЗ» АҚ бөлімшелерінің барлық өнім түрлерін (сатып алынған шикізат, тұтынушының меншігі, операциялық бақылау кезінде, дайын өнім) бақылауды және сынауды жүргізуді қамтамасыз ету.
- «ҮМЗ» АҚ персоналына және «ҮМЗ» АҚ орналасқан ауданда қоршаған ортаға әсер ететін қауіпті және зиянды өндірістік факторларды өлшеу және мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету.
- «ҮМЗ» АҚ бөлімшелері шығаратын, СО жауапкершілік саласында берілген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді тапсырыс берушіге жеткізу мүмкіндігін болдырмау бойынша жұмысты ұйымдастыру.
- Өлшеу құралдарын тексеру, калибрлеу, техникалық қызмет көрсету, жөндеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу.
- Технологиялық жабдықтың техникалық диагностикасы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу.
«ҮМЗ» АҚ сынау орталығы ISO/IEC 17025 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» стандартының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде аккредиттелген. Сәйкестікті бағалау объектілері:
- аккредиттеу саласына сәйкес өнімді сынау;
- аккредиттеу саласына сәйкес өлшеу құралдарын тексеру;
- аккредиттеу саласына сәйкес өлшеу құралдарын калибрлеу.
Байланыс ақпараты:
Телефон: (7232) 29-84-31
E-mail: OfficeIC@ulba.kz