Құрамында уран бар қиын аршылатын материалдарды қайта өңдеу

235U бойынша 5 %-ға дейін байытылған керамикалық сұрыпты уран диоксиді ұнтағын алудың әмбебап технологиясы шикізат ретінде құрамында уран бар кез келген материалдар: уран гексафториді, уран оксидтері, уранилнитрат балқымасын (қалпына келтірілген шикізат), отын өндірісінің айналымдарын, соның ішінде құрамында Gd мен Er бар, сондай-ақ металды табиғи уранды өндіру жиындыларын, Gd, Er, Th, Tc, Si, C, Zr, Fe ластанған жиындыларды, зерттеу зертханаларының құрамы тұрақты емес жиындыларын, металл уран түріндегі негізі бар жиындыларды, зерттеу құрамаларының және ТВЭЛ және т.б. материалын пайдалануға мүмкіндік береді.

«ҮМЗ» АҚ технологиялық сұлбасының басқа отын өндірушілердің технологиясынан негізгі айырмашылығы – бұл өндіріске тартылатын барлық уранды 100% аффинаждау болып табылады, мұның өзі пайдаланылатын шикізаттың түріне байланыссыз ең жоғары дәрежелі таза өнім алуға мүмкіндік береді. Алынатын уран диоксидінің ұнтақтары қоспалардың құрамы бойынша жетекші өндіруші фирмалардың спецификацияларының талаптарына сәйкес келеді. 
Өндіріс технологиясы Тапсырыс берушінің спецификациясының жеке талаптарына сәйкес ұнтақтардың керамикалық сипаттамаларын басқаруға мүмкіндік береді және бастапқы материалдың түріне байланысты болмайды.

Қазіргі таңда «ҮМЗ» АҚ Уран өндірісі технологиясы құрамында уран бар қиын аршылатын материалдарды қайта өңдеуге мүмкіндік беретін әлемдегі аз кәсіпорындардың бірі болып табылады. Ядролық отынды жасау үдерісінде түзілетін құрамында уран бар қиын аршылатын материалдардың (күл мен жиындылар) айтарлықтай мөлшеріне қарамастан, оларды қайта қңдеу қызметтерін көрсету нарығы жоқ деуге болады. Бұл әлемдегі көптеген зауыттарда құрамында уран бар материалдарды қайта өңдеу бойынша заманауи технологиялардың болмауымен байланысты. 2011 жылдан бастап «ҮМЗ» АҚ Уран өндірісі мұндай материалдарды қайта өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді коммерциялық негізде ұсынады. «ҮМЗ» АҚ қазіргі күнге қарасты GNF (АҚШ және Жапония), Cogema (Франция), Sogin (Италия), «ТВЭЛ» ААҚ (Ресей), NFI (Жапония), WSE (Швеция) сияқты компаниялардың жиындыларын қайта өңдеуді сәтті жүргізді.

kn   Уран өндірісінің маркетинг қызметі:
email: Marketing_U@ulba.kz
телефон: 7 (7232) 29-86-05
факс: 7 (7232) 24-06-83, 7 (7232) 29-82-73