Кәсіпорын туралы

  Біздің мақсатымыз
  «ҮМЗ» АҚ Басқармасы
  «ҮМЗ» АҚ тарихы
  Тауарлық белгі
  Экономикалық көрсеткіштер
  Статистикалық деректер
  Біздің табыстарымыз
  Жарғы
  Біздің деректемелеріміз

 

«Үлбі металлургиялық зауыты» акционерлік қоғамы («ҮМЗ» АҚ)  Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында орналасқан.
1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасының мүдделерін   атом  өнеркәсібінде ұсынатын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық Атом компаниясының құрамына енеді. Үлбі металлургиялық зауытының ресми туған күні 29 қазан 1949 жыл. Бұл күні  кәсіпорын қоймасына алғашқы өнім түсті. 70-жылдардың басында ҮМЗ  әлемнің уран,тантал және бериллий    өнімдерін  өндірушілердің  аса ірі қатарына енді.
«Үлбі металлургиялық зауыты» акционерлік қоғамы - әлемдік деңгейдегі  өнімдерді  өндіріп, жеткізуде  60 жылдық тәжірибесі бар бірегей кәсіпорын.

 

Бүгінгі күні кәсіпорынның құрамында:

  • ТМД елдеріндегі  атом энергетикасына арналған ядролық отынның  ірі өндірісі; 
  • Еуразиялық континентте бериллий қосылған өнімдердің қара құймаметалдан дайын бұйымдарға  дейін  барлық түрлерін өндіруші   жалғыз өндірісі;
  • ТМД елдерінде  заманға лайық қуатты жабдықтармен  жарақтанған, тантал-ниобий қосылған шикізаттың барлық түрлерін  қайта өңдеуге  қабілетті   жалғыз тантал өндірісі;
  • заманына сай балқытқыш қышқылының өндірісі;
  • металл өңдейтін  жаңа жабдықтарда  аса жоғары  дәлдікте  бұйымдар жасауға, жабдықтар  дайындау бойынша  бай тәжірибесі бар    көлік  жасау  кешені;
  • қуатты ғылыми-зерттеу база;
  • ірі конструкторлық-жобалау институты;
  • қуатты қосымша өндіріс инфрақұрылымы.

Біздің мақсатымыз: өнеркәсіпті ураннан, бериллийден,танталдан,нибийден жоғары сапалы өнім өндіру және оларды қайта өңдеу бойынша  қызметтердің қажеттілігімен қамтамасыз ету.
Біздің  өндірістік қызметіміз өз жұмыскерлеріміз бен олардың  жанұяларының  әл-ауқатының негізі болып табылады.
«Үлюі металлургиялық зауыты» акционерлік қоғамының тауарлық белгісі Қазақстан Республикасында, Ресей Федерациясында, сонымен қатар Болгарияда, Қытайда, Ұлыбританияда, Германияда, Польшада, Словакияда, АҚШ, Чехияда, Францияда, Жапонияда тіркелген.

«ҮМЗ» АҚ сапа жүйесі халықаралық TUV-CERT  органымен МС-ИСО-9002 стандарты бойынша келесі салаларда сертификатталған:

  • атом энергетикалық  реакторлары үшін  уран қосылыстарынан  ( оның ішінде  қайта жаңғыртылған)  өнім өндірісі;
  • уран қосылыстарының өндірісі;
  • бериллий, оның құймалары мен қосылыстарының өндірісі;
  • тантал, оның қосылыстары мен олардан жасалған өнімдер өндірісі.

Бүгінгі күні зауытта қандай да болса күрделі  мәселелерді шешуге қабілетті  6000 астам жұмысшылар, техниктер, инженерлер еңбектенуде.  1999 жылдың  соңында, әлемдік рынокта өз орнын  тапқаннан кейін, зауыт тарихында барлық өндірістерді дамытатын ірі инвестициялық бағдарлама  әзірленді.
«ҮМЗ» АҚ мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК алдында осы кезде үлкен мәселе тұр: әлемдік уран қорының 25 пайызына ие болған Қазақстанның зор әлеуетіне  сүйене отырып, атом саласын сапалы жаңа деңгейге жеткізу. Бериллий шикізатының маңызды қорына ие бола отырып, ұжым өзіне  сапасы жағынан жаңа технологиялар базасында  дайындалатын бериллий  өнімдерін өткізу көлемдерін  кеңейту  және әлемдік тұтыну үлесінің 20 пайызына дейін  ие болу бойынша міндет жүктейді.  Бүгінгі күні бұл  мәселені  зауыт мамандары мен басшылары табысты шешуде.

"Үлбі металлургиялық зауыты" – ірі зауыт, былайша айтқанда, Қазақстан мен Ресейдің мақтанышы, сондықтан мен бар ынтаммен бүгін алдыңғы қатардағы ғылыми  жетістіктерден  негізделген  Қазақстанның осы  зор кәсіпорнына келдім.  Бүгінгі біздің, Үкіметтің,  барлығымыздың  мақсатымыз – зауыттың  үнемді  жұмыс істеуінде...

Табыс тілеймін!

Н.Ә.Назарбаевтың сұхбатынан
т/к НТК-Восток Өскемен,  16/10/2000

Біз жаңа  байланыстарға  ашықпыз  және үнемді   серіктестікке дайынбыз!

 


26.01.2012 Жылы сұхбат


07.12.2011 ҮМЗ» АҚ рационализаторлықты қолдаудың аса тиімді жүйесін пайдаланатын ҚР үздік кәсіпорыны болып танылды


19.09.2011 Мерекені атап өтті


30.12.2010 Басымдылық – денсаулық


07.10.2010 Мәртебелі қонақтар


27.09.2010 Mереке құрметіне


12.07.2010 Мерейтойлы қорғау


12.07.2010 Әкімнің сыйлығы


12.07.2010 Қымбатты менің астанам


25.06.2010 Ұрпақтар ұмытпайды!


10.06.2010 Есепке ашылды


21.05.2010 Бұл күндердің даңқы өшпейді...


21.05.2010 Шеберліктерін сынасты


22.02.2010 Депутатпен кездесу


16.02.2010 60 жылдықты атап өтті


16.02.2010 Бастамамен шықты


08.12.2009 Қауіпсіз тасымалдау


25.11.2009 Ондыққа дөп тиді


12.10.2009 Президенттің жеті құпиясы


29.09.2009 Үлбіліктерге марапат



Copyright 2001-2012