«ҮМЗ» АҚ Басқармасының құрамы

Бежецкий Сергей Владимирович

Бежецкий Сергей Владимирович
«ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасы

1969 жылы туған. 1994 жылы «Ядролық-химиялық технология» мамандығы бойынша Томск политехникалық институтын бітірді. 2009 жылы «МВА – жалпы стратегиялық менеджмент» мамандығы бойынша Москва мемлекеттік университеті – Экономика жоғары мектебін бітірді.
1994 жылдан бастап «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-да жұмыс істейді:
1994 бастап 2004 аралығында  – уран өндірісі «В» цехының 6-разрядты аппаратшысы, «В» цехының ауысым шебері, «В» цехы ұнтақ өндіру бөлімшесінің технологы, уран өндірісі «В» цехы бастығының орынбасары – технологы;
2004 бастап 2008 аралығында – уран өндірісі директорының өндіріс жөніндегі орынбасары;
2008 бастап 2018 аралығында – уран өндірісінің директоры;
2018 бастап 2020 аралығында – «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары – бас инженері;
2020 жылдың қыркүйегінен бастап – Басқарма Төрағасы.
Азаматтығы – ҚР.

   
Вахненко Владимир Витальевич

Вахненко Владимир Витальевич
«ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары – бас инженер

1975 жылы туған. 1997 жылы ҚР, ШҚО, Өскемен қаласы, ШҚТУ «Ұнтақты металлургия, композициялық материалдар және жабындар» мамандығын аяқтады.
1997 жылдан бастап 1999 жыл аралығында  «ҮМЗ» АҚ Уран өндірісінің өндірістік ғылыми - зерттеу зертханасында инженер-зерттеуші болып жұмыс істеді;
1999 жылдан бастап 2005 жыл аралығында  - «ҮМЗ» АҚ Уран өндірісі «Р» цехының ұнтақтарды өндіру жөніндегі бөлімше технологы;
2005 жылдан бастап 2008 жыл аралығында - «ҮМЗ» АҚ Уран өндірісі «Р» цехының ұнтақтар өндіру жөніндегі бөлімше бастығы;
2008 жылдан бастап 2015 жыл аралығында – «ҮМЗ» АҚ Уран өндірісі директорының орынбасары;
2015 жылдан бастап 2020 жыл аралығында – «Үлбі-ТВС» ЖШС Бас директоры;
2020 жылғы қарашадан бастап – «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары - бас инженер.
Азаматтығы - ҚР.

   
Чеботарёва Людмила Анатольевна

Чеботарёва Людмила Анатольевна
«ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары

1975 жылы туған. 1993 жылы Балқаш тау-кен-металлургиялық техникумын «Экономика және халық шаруашылығы салаларындағы жоспарлау» мамандығы бойынша аяқтады. 2000 жылы Карағанды мемлекеттік техникалық университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша аяқтады.
2005 бастап 2010 аралығында «Бетпақ Дала» біріккен кәсіпорны» ЖШС-да жоспарлау-экономикалық бөлімінің экономисі, жоспарлау-экономикалық бөлімінің жетекші экономисі, жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы лауазымдарында еңбек етті;
2010 бастап 2015 аралығында - «Заречное» Қазақстан-Ресей-Қырғызстан біріккен кәсіпорны» АҚ-да жоспарлау-экономикалық бөлімінің бас менеджері, жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы; 
2015 бастап 2018 аралығында – «Оңтүстік тау-кен-химиялық компаниясы» біріккен кәсіпорны» ЖШС Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары; 
2018 жылдың қыркүйек айынан бастап – «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.
Азаматтығы – ҚР.

   
Даулбаев Самрат Кайзуллаевич

Даулбаев Самрат Қайзуллаұлы
«ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары 

1965 жылы туған. 1988 жылы С.М. Киров атындағы Томск политехникалық институтын «Жоғары кернеулер техникасы» мамандығы бойынша аяқтады. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Юриспруденция» мамандығы бойынша аяқтады. 
2004 бастап 2005 дейін – «Азия-Акмола» ЖШС зауыт директоры;
2005 бастап 2007 дейін – «Аргонавт-А» ЖШС директоры;
2007  бастап 2008 дейін – «Тера-Груп» ЖШС зауытының бас директоры;
2008 бастап 2016  дейін – «Интергаз Центральная Азия» АҚ бас директордың жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары, бас директор аппаратының басшысы;
2016 бастап 2017 дейін – «Батумский нефтяной терминал» ЖШҚ бас директордың бірінші орынбасары, бизнесті қолдау жөніндегі басқарушы директор;
2018 жылдың шілдесінен бастап – «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары.
Азаматтығы – ҚР.

   
Ержанов Талғат Бақытұлы

Ержанов Талғат Бақытұлы
«ҮМЗ» АҚ Маркетинг жөніндегі басқарушы директор –маркетинг және өнім-маркетингтік стратегия орталығының директоры

1984 жылы туған. 2005 жылы Астана қаласындағы Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірген. 2008 жылы Прага қаласындағы Charles University in Prague-ді "International Economic and Political Studies"мамандығы бойынша бітірді. 2015 жылы Лондон қаласындағы University College London-ды (UCL) "Economics and Policy of Energy and Environment"мамандығы бойынша бітірген.
2006 жылдан 2008 жылға дейін – "Ядролық технологиялар паркі" АҚ өкілдігінің маманы;
2009 жылдан 2011 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері;
2011 жылдан 2016 жылға дейін – "Самұрық-Қазына" АҚ Тау-кен металлургиялық активтерді басқару дирекциясының Бас сарапшысы»;
2016 жылдан 2019 жылға дейін – "Самұрық-Қазына» АҚ "Энергетика" секторының активтерді басқару дирекциясының аға менеджері»;
2019 жылдан 2020 жылға дейін – "Қазатомөнеркәсіп "ҰАК" АҚ Бизнесті дамыту және инвестициялар департаментінің директоры;
2021 жылғы қаңтардан бастап – "ҮМЗ"АҚ Маркетинг жөніндегі басқарушы директоры – маркетинг және өнім-маркетингтік стратегия орталығының директоры.
Азаматтығы – ҚР.

   
Оржанов Адилжан Салимгереевич

Оржанов Адилжан Салимгереевич
«ҮМЗ» АҚ техникалық дайындық жөніндегі директоры

1963 жылы туған.1985 жылы «Пайдалы қазба кен орындарын іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері» атты мамандық бойынша В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтты бітірді.
2004 ж. бастап 2007 ж. дейін – «Горнорудная компания» ЖШС материалдық техникалық қамтамасыз ету департаментінің директоры;
2007 ж. бастап 2009 ж. дейін – «Торгово-транспортная компания» ЖШС Бас директорының жабдықтау жөніндегі орынбасары;
2009 ж. бастап 2011 ж. дейін  – «Геотехносервис» ЖШС директорының орынбасары;
2011 ж. бастап 2018 ж. дейін  - «Заречное» ҚБ АҚ өндірісті қамтамасыз ету жөніндегі директоры;
2018 ж. бастап 2019 ж. аралығында –  «ҮМЗ» АҚ бизнесті қамтамасыз ету жөніндегі  басқарушы директоры;
2019ж. желтоқсаннан бастап – «ҮМЗ» АҚ техникалық дайындық жөніндегі директоры.
Азаматтығы – ҚР.

   
Оржанов Адилжан Салимгереевич

Кузьмин Константин Александрович
"ҮМЗ" АҚ Уран өндірісінің директоры»

1976 жылы туған. 1999 жылы Өскемен қаласындағы «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін» «Түсті металдар металлургиясы» мамандығы бойынша, 2014 жылы Өскемен қаласындағы «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін» «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.
1999 жылдан 2002 жылға дейін – "ҮМЗ" АҚ Уран өндірісі "В" цехының 6 разрядты аппаратшысы;
2002 жылдан 2004 жылға дейін – "ҮМЗ" АҚ Уран өндірісі "В" цехының ауысым шебері;
2004 жылдан 2009 жылға дейін – "ҮМЗ" АҚ Уран өндірісінің "В" цехының ұнтақтар өндіру бөлімшесінің технологы;
2009 жылдан 2017 жылға дейін – "ҮМЗ" АҚ Уран өндірісі "Р" цехының бастығы»;
2017 жылдан 2018 жылға дейін – "ҮМЗ" АҚ Уран өндірісі директорының орынбасары;
2018 жылғы желтоқсаннан бастап – "ҮМЗ"АҚ Уран өндірісінің директоры.
Азаматтығы – ҚР.

Қоғамның Басқарма мүшелерінде Қоғамның, Қоғамның аффилиирленген компанияларының акциялары (қатысу үлесі), сондай-ақ Қоғамның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акциялары жоқ.