"ҮЛБІ МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ ЗАУЫТЫ" АҚ
Атом энергетикасы, электронды және металлургиялық өнеркәсіп және басқа да қызмет облыстарының қажеттіліктеріне арналған уран, бериллий, тантал мен ниобий өнімдерін өндіруші. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді. Болашаққа бізбен бірге!Тантал қосылған өнім
-
Ұсақ тіліктер
-
Тантал илегі
-
Сым, шыбықтар
-
Тантал ұнтағы
-
Конденсаторларға арналған материалдар
-
Конденсаторлар үшін материалдар
-
TaW қорытпалары
-
TaY құймалары
-
Танталдан жасалған бұйымдар
"Үлбі металлургиялық зауыты" АҚ тантал өндірісі ТМД аумағында жеке және әлемде тантал қосылған шикізатты қайта өңдеуден дайын өнім алуға дейін толық өндірістік циклі бар аса ірі кәсіпорындардың қатарына жатады. «ҮМЗ» АҚ тантал өндірісі тантал-ниобий шикізатының, оның ішінде күрделі өңделетін қандай да болса түрін қайта өңдейтін, белгілі сапа параметрмен өндірілетін өнімнің қолайлы технологиясымен ерекшеленеді. Кәсіпорынның тантал мен ниобий өндірісіндегі негізгі реагент, фторлы сутек қышқылын өндіруге қажетті өз флюорит рудасының шикізат базасы (Қаражал кен орны, Қазақстан) бар.
«ҮМЗ» АҚ жоғары білікті инженерлік-техникалық және ғылыми-зерттеу персоналы, жарты ғасырлық тантал өндірісі бойынша жұмыс тәжірибесі тапсырыс берушінің талаптарына сай жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіншілік жасайды.
Өндірісте қолданылатын технология тазалығы 99,97 пайыздық тантал өндіруге кепілдік береді. Тұтынушыға өнім белгілі мерзімде келіскен спецификация бойынша жеткізіледі.
Кәсіпорын мамандары, заманға сай металл рыногының талаптарын ескере отырып, тантал өндірісінің инвестициялық даму бағдарламасын әзірледі, және ол бес жыл ішінде осы мақсаттарға 20 млн. долл. игеруді көздеп отыр. Бағдарлама орындалса «ҮМЗ» АҚ тантал өндірісінің өнімдері сыртқы және ішкі рыноктарда оның қажеттілігін қамтамасыз етеді, және Қазақстанның экспорттық әлеуетін қатайтады. Бәсекелестік қабілеті бар, жоғары сыйымдылықты конденсаторлық тантал ұнтақтарының және заманға сай конденсаторлар сымдарының, құйма, илек, сым, ұнтақ, лигатура түріндегі ниобий өнімдерінің үнемді өндірісін ұйымдастыру көзделіп отыр.
"Үлбі металлургиялық зауыты" АҚ тантал өндірісі әлемдік рынокта келесі өнімдерді ұсынады:
ТАНТАЛ ӨНІМДЕРІ:
- Екі және үш дүркін электрондық-сәулелік балқыту әдісімен өндірілген, тазалығы 3N2, 3N5, 3N7, 4N и 4N5 тантал құймаметалдары
- Ұсақ тіліктер;
- Жазық және домалақ тантал илегі;
- Конденсаторлық тантал ұнтақтары;
- Конденсаторларға арналған материалдар
- TaY құймалары
- TaY өнімдері
- TaW құймалары.
- TaW өнімдері Вакуумдық-доғалық балқыту әдісімен өндірілген, тазалығы 4N5 тантал құймаметалдары
НИОБИЙ ӨНІМІ
- Ниобий пентаоксиді
- Ниобий құймалары
- Nb ұсақ тіліктері;
- Жазық ниобий илегі;
- Шыбықтар, сымдар;
- Ниобий ұнтақтары;
- NbTi құймалары. NbTi өндірілген өнім
- NbZr құймалары. NbZr өнімдері
- Ниобий бестотығы
ТАНТАЛ МЕН НИОБИЙ БҰЙЫМДАРЫ
ФТОРЛЫ СУТЕК ӨНДІРІСІ