|
Әлеуметтік сала
«ҮДБ» ЖШС Шығыс Қазақстанның әсем жерлерінде, «Сібе» және «Борок» демалыс базасында демалуды ұсынады
«Сібе» демалыс базасы өзінің табиғаты жағынан ең тамаша бес көлдің құрамына кіретін «Төрт-қара» әсем көлінің жағасында орналасқан.
Ауа тазалығының, түпсіз аспанның, дала гүлдері мен көкорай шалғынның жұпар иісінің, бұлақ суынан жиналған айнадай жарқыраған көлдің мөлдірлігі мен тереңдігінің, кейбір жерде күрт, енді бір жері жайдақ келген ғажайып пішінге ие көл жағалауының көз қуантар таңғажайып көрінісінің үйлесімділігі мен тылсым сыры бұл жерде демалған жандардың көңілінде ұмытылмас сезім қалдырады...
Сіздер бұл жерден құмды жағажай, балық аулау, тәккәппар шыңдардың етегіндегі әсем табиғат аясында жаяу және салт атты серуен жасау мүмкіндігін, қайық прокатын, балалар алаңын, волейболға арналған спорт алаңын, футбол алаңын, би кешін және т.б. көп қызықтар табасыз.
Сіздерге жаңа заман жиhазымен және тұрмыс техникасымен, атап айтқанда, теледидармен, микротолқынды пешпен, тоңазытқышпен жабдықталған жайлы үйлер ұсынымыз. Үйде ыстық, суық су, душ кабиналары, санитарлық түйін бар. Базада күзетілетін автомобиль тұрағы, жазғы кафе, дүкен жұмыс істейді.
 |
 |
«Борок» демалыс базасы:
Бұл жер Сіздердің естеріңізге ертегіні салады! Тамаша таулар, шексіз теңіз және қылқан жапырақты орман өзінің ұлылығымен таң қалдырады, таза ауа жаныңды жайландырып, шөптер мен қарағай орманының жұпар иісі жаныңа да, тәніңе де үйлесімділік пен жайлылық туғызады.
«Борок» демалыс базасы өз қонақтарына кез келген талғамдағы демалыс, суға түсуге және күнге қыздырынуға арналған жайлы жағажай, белсенді және отбасылық демалысты жақсы көретіндерге – ескекті қайықпен, катамаранмен серуен, су қоймасының сұлу жерлерінде теплоходтар және яхтамен қыдыруды ұсынады. Бұдан өзге, Сіздердің тұрмысқа қажетті барлық жабдықтармен жасақталған 3, 4, 5, 6 орындық жазғы үйлердің, әжетхана және душ кабиналары бар санитарлық модульдердің, дүкендердің, дәмхананың, қайық станциясының, волейбол және би алаңдарының, моншаның қызметін пайдалануларыңызға болады.
Матросов атындағы балалар сауықтыру лагері:
Лагерь табиғаты тамаша және экологиялық таза жерде, Ульбинка өзенінің жағасында Өскемен қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан. Лагерьді аралас орман мен биік таулар қоршап жатыр. Бұл жерде 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар демалады.
Лагерьдің жалпы сыйымдылығы ауысымына – 404 адам. Балалар жайлы бөлмелерде 4-6 адамнан тұрады. Балаларға бес мәрте дәмді, әр түрлі және сіңімді тағам беріледі. Лагерьде бүкіл тәулік бойы білікті медициналық қызметкер болады.
25 адамнан тұратын әр отрядта тәжірибелі тәрбиешілер мен қаланың үздік педагогтары мен студенттері қатарынан шыққан вожатыйлар жұмыс істейді. Балалар демалысының бағдарламасы өте қызықты, оған: спорттық ісшаралар, спорттың әр түрінен спорт жарыстары, су ойындары, табиғатқа саяхат, ойындар, көңілді дискотекалар және тағы басқа қызықты ісшаралар жатады, бағдарлама балалардың көңілін көтереді!
«Дельфин-2» - бассейн, сауна, жаттығу залы
Спортив залы – жаттығуға, спорттық баскетбол, волейбол, теннис, бадминтон, футбол, гимнастика сияқты көптеген түрлерінен жарыстар өткізуге арналған. Зал ауданы: 427 шаршы метр.
Хабарласу ақпараты:
«Үлбі демалыс базасы» ЖШС
Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы, Әуезов даңғылы, 5/2.
тел/факс: 8 (7232) 25-06-88
e-mail: toobou@mail.ru
|