Ғылыми орталық

Кылышканов М.К.Ғылыми орталықтың бастығы Кылышканов М.К.

Кылышканов Манарбек Калымович, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Аймақтық менеджмент академиясының академигі. 1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Физика» мамандығы бойынша, «Ядролық физика» маманданыруы бойынша бітірген. 2013 жылы MBA Kingston University бағдарламасы бойынша оқуды аяқтады, іскерлік әкімшілік магистрі академиялық дәрежесі берілді
1993 жылдан бастап 2018 жылға дейін жоғары білім беру жүйесінде жұмыс істеді. Тағылымгер-оқытушыдан профессорға дейінгі жолдардан өтті. 15 жылдан астам Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында, кафедра меңгерушісінен ректорға дейін басшылық қызмет атқарды.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысады. 200-ден астам ғылыми және әдістемелік еңбектердің авторы, оның ішінде 150-ден астам ғылыми жұмыстар, 10 оқу құралы, 10 авторлық куәлік, 5 монография, импакт-факторлы ғылыми журналдарда 10-нан астам жұмысы бар. Thomson Reuters және Scopus бойынша Хирша индексі 5-ке тең.


Ол:

- 2018 ж. бастап Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің сарапшысы;
- 2018 ж. бастап ҚР Ұлттық ғылыми кеңесінің мүшесі.;    
- «Үздік адамдар» дипломанты, Халықаралық энциклопедия, Мәскеу, 2013 ж.;
- Жас ғалымдарды қолдау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің грантының иегері болып табылады, 2002 ж.;
- 50-ден астам халықаралық ғылыми симпозиумдар мен конференцияларға қатысушы;
- «ЖОО үздік оқытушысы – 2006», «ЖОО үздік оқытушысы – 2017» грантының екі мәрте иегері.
- «Білім берудің құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталған, 2014 ж.