Уран зертханасы

Қазіргі уақытта уран зертханасы жоғары білікті кадрларға және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің бай тәжірибесіне ие, мына бағыттар бойынша:

  • гидрометаллургиялық қайта бөлу және уранның ұнтақты металлургиясы технологияларын әзірлеу, жаңғырту және жетілдіру;
  • «ҮМЗ» АҚ өндірістік қызметінің қалдықтарымен жұмыс істеуді оңтайландыру;
  • уран өндірісінің (УӨ) негізгі қызметімен байланысты емес басқа да жұмыстар.

Зертхана қабырғаларында «ҮМЗ» АҚ уран өндірісінде (УӨ) жұмыс істейтін барлық технологиялар әзірленді және іске асырылды:

  • уранның шала тотығы-тотығының техникалық және ядролық тазалығына дейін табиғи уранның химиялық концентратын (ТУХК) қайта өңдеу;
  • ядролық таза уран диоксидінің ұнтақтарын дайындау;
  • әр түрлі дизайндағы жылу энергетикалық реакторларына арналған отын таблеткаларын өндіру;
  • құрамында уран бар әр түрлі скраптарды ядролық тазалықтағы уран оксидтерінің ұнтақтарына дейін, оның ішінде жарылуы қиын, гадолиний - және эрбийсі бар скраптарды;
  • металл, құрамында уран бар және уранкарбидті отынды қайта өңдеу.
  • жоғары байытылған уран (ЖБУ) таратпау режимін қамтамасыз ету мақсатында жоғары байытылған уран бұйымдарын төмен байытылған (ТБУ) дейін қайта өңдеу.

«ҮМЗ» АҚ-ның УӨ өндірістік қызметімен байланысты зерттеу жұмыстарынан басқа, уран зертханасында «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ-ның ядролық-отын циклының басқа кәсіпорындарының мәселелерін шешуге бағытталған зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Оларға мынадай бағыттар жатады:

  • урандық концентраттарды немесе скраптарды гидрохимиялық ашу үрдістерін ерітіндіге пайдалы компонентті барынша алуға қол жеткізу үшін оңтайлы жағдайларды таңдай отырып зерттеу;
  • ультрасүзгілеу әдісімен суспензияларды ағарту немесе қоюландыру режимдерін зерттеу және таңдау;
  • әр-түрлі экстракциялық жүйелердің көмегімен металдарды экстракциялық қоюландыру және аффинаждау технологиясын зерттеу және өңдеу;
  • сирек, радиоактивті және сирек кездесетін металдарды сорбциялық аффинаж және қоюландыру технологияларын зерттеу және әзірлеу;
  • металдарды жер астында шаймалау процестерін зерттеу;
  •   тауарлық десорбат ерітінділерінен уранды тұндыру үрдістерін зерттеу, пульпаларды сүзу үрдісін оңтайландыру.

 

ЯРОШЕНКО Наталья Николаевна
ЯРОШЕНКО Наталья Николаевна
Уран зертханасы
         Подробнее...

 

kn  Байланыс ақпараты:
Қазақстан Республикасы, Өскемен қ.,
Абай даңғылы, 102
Телефон: +7(7232) 298-433