Ядролық дәуірді жасаушылар

12 қаңтарда «Владимир Петрович Потанин атындағы сыйлықтың лауреаты» атағын табыстау салтанаты өтті. Іс-шара мерейтойлық жылдың алғашқы оқиғасы болды.

Бұл атақ зауыттағы ең жоғары марапаттардың бірі болып табылады және екі жылда бір рет аңызға айналған директордың туған күніне орай немесе туған күнінде беріледі. 13 қаңтарда Владимир Петрович 98 жасқа толар еді.

«Жаңа техника және технология» номинациясы бойынша «Вайтинг» пешінің пеш пен шөміш қалдықтарын балқыту технологиясын әзірлеу және учаскесін құру» жұмысы үшін «В.П. Потанин атындағы сыйлықтың лауреаты» атағы БӨ мамандары: Дмитрий Андреев, Александр Егель, Игорь Леончик және Максим Колмаковқа берілді.

«Экономика, еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару» номинациясы бойынша «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС инвестициялық жобасын іске асыру шеңберінде жылу бөлетін құрамалар өндірісін құру және өнеркәсіптік пайдалану. Қуаттылығы жылына 200 тонна жылу бөлетін құрамалар (ЖБҚ) өндірісі» жұмысы үшін «В.П. Потанин атындағы сыйлықтың лауреаты» атағын Арман Сүлейменов, Дзюнь Ван, Елена Климова, Станислав Матвеев, Владимир Вахненко және Игорь Коробейников алды.

Сараптама комиссиясының төрағасы, Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары-бас инженер Владимир Вахненконың айтуынша, сыйлықты беру туралы шешімді қабылдау өте оңай болды, өйткені конкурсқа лайықты жұмыстар ұсынылды. Сараптамалық комиссия төрағасының орынбасары Александр Борсук өз сөзінде бүгінгі қатысушылармен бірге сыйлық лауреаттарының саны 84 болғанын атап өтті.