МИХАИЛ ЧУДАКОВ: «БІЗ ҮМЗ-ГЕ ҚОЛДАУ МЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ҮШІН АЛҒЫС АЙТАМЫЗ»

19 – 26 маусымда ҮМЗ аумағында орналасқан АЭХА ТБУ Банкінде уранның гексафториді (УГФ) бар 24 цилиндрді қайта сертификаттаудың бірінші кезеңі өтті. Әлемдік тәжірибеде бұл рәсім бірінші рет толтырылған цилиндрлерде жүргізілді.

Сертификаттауды ұйымдастырушы ретінде АЭХА болды, ал жұмыстың өзін австриялық компания LRQA және болгар компаниясы Bultest орындады. Бұл ретте қайта сертификаттау рәсімі үшін қажетті цилиндрлерді айналдыру және ұстап тұруға арналған жабдық «МАШЗАВОД» ЖШС-да дайындалды.

Михаил Чудаков, бас директор және АЭХА Ядролық энергия департаментінің жетекшісі:

– УГФ сақтау стандарттарына сәйкес қайта сертификаттау әр 5 жыл сайын жүргізілуі тиіс. Бір апта бойы 6 маман жұмыс істеді. Барлық қажетті іс-шаралар сапалы орындалды. Алғаш рет қайта сертификаттау толтырылған цилиндрлерде жүргізілді. Алдыңғы стандарттар бойынша цилиндрлерді әкетіп, босатып, гидросынау жүргізу, содан кейін толтыру және ТБУБ қайтару қажет болды. Бұл күрделі, ұзақ және қымбат рәсім.

2020 жылы жабдықтар мен сынақ әдістемесінің жетілдірілуіне байланысты ультрадыбыстық дефектоскопияны орнында жүргізуге мүмкіндік беретін нақтыланған стандарттар енгізілді. Әлемде алғаш рет ТБУБ аумағында цилиндрлерді бұрап дәнекерлеудің сапасы тексерілді. Бұл үшін «МАШЗАВОД» ЖШС арнайы жабдық дайындады және клапандарды тексеру бойынша жеке әдістеме әзірленді. Бұның барлығы 24 цилиндрде орындалды.