Алғашқы. Тарихи

2022 жылдың 6 желтоқсан күн «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС тарихында мәңгі сақталатын болады. Көлемі бір рет қайта жүктеуге жететін жылу бөлетін жинақтардың алғашқы партиясы (30 тоннадан сәл артық төмен байытылған уран) Қытайдың атом электрстанциясына жеткізілді және оны соңғы тұтынушы – Қытайдың CGNPC-URC ядролық корпорациясы қабылдады.

Алғашқы жөнелтуге дайындық мейілінше мұқият және ұзақ болды.

Александр Ревуцкий, «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС ЖБҚ дайындау учаскесінің шебері:

– Бірінші тарихи партияға 68 жылу бөлетін жинақ құрастырмалар кіреді, әрбір КҚЖ-нда оның екеуі орналастырылады. Бір КҚЖ толтыруға үш-төрт сағат уақыт жұмсалады. Кез келген әсер ету мүмкіндігін азайту үшін барлық операциялар өте баяу орындалады. Сондай-ақ, КҚЖ-нда соққыларды, жылдамдатуды және басқа да штаттан тыс жағдайларды белгілеп отыратын ылғал сіңіргіштер мен датчиктер бар.

Рустам Нралинов, «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС ЖБҚ дайындау учаскесінің тиеу-түсіру жұмыстарының аппаратшысы:

– Мен әр КҚЖ қақпағын 54 бұрандамамен тартып, тығыздығын тексеремін. Алғашқы тапсырысқа ерекше жауапкершілікпен қарап, өнім сапасы тұтынушыны қанағаттандыратындай етіп жұмыс істеу өте маңызды.

Орау процесінің барлық кезеңінде қытай тарапынан бақылаушылар бар. Дайын КҚЖ «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС-нен «ҮМЗ» АҚ ДӨҚ-на жеткізілді. ЖБҚ тиеу алғаш рет жүргізілгендіктен, ДӨҚ қызметкерлері мұқият дайындалды: нұсқау және бірқатар симуляциялық жаттығулар өткізді. Алдымен КҚЖ флэт-рэктерге (бүйірлік борттары бар ашық платформалар) салынды, содан кейін теміржол платформаларына орнатылды. Краншыны қоса санағанда, 5 адамнан тұратын ДӨҚ командасы тапсырманы сәтті орындап шықты.

Нұрсұлтан Ерланұлы, ДӨҚ шебері:

– Жүк – қарапайым жүк емес, габаритті жүк, онымен жұмысты абайлап істеу керек. Флэт-рэктерге дұрыс салу – толығымен бізге байланысты. Қозғалысты кран жүргізушісі шынжырлары мен ілгектері бар траверстің көмегімен жүргізеді. Ойықтарға дәл келтіре отырып КҚЖ бір-бірінің үстіне флэт-рэкке асықпай орналастыру керек. Бұл біз үшін жаңа тәжірибе.

Арман Сүлейменов, «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС бас директоры:

– Дайын өнімді Қытай Халық Республикасындағы тұтынушымызға алғашқы жөнелтуге қатысқан барлық әріптестерге алғыс білдіремін. «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС және «ҮМЗ» АҚ ДӨҚ командаларының үйлесімді жұмысы тарихи оқиғаны сәтті орындауға көмектесті. Әсіресе, барлық тасымалдау процесіне қатысқан автошаруашылық жүргізу-

шілерін ерекше атап өткім келеді.

«ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасы Сергей Бежецкий:

– «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС зауытының ұжымын және Қытайдан келген серіктестерімізді осы атаулы оқиғамен құттықтаймын! Дайын өнімді алғаш жөнелте отырып ЖБҚ тұрақты жеткізуді бастадық, бұл біздің кәсіпорындарымыз үшін ғана емес, тұтастай алғанда Қазақстан мен Қытай үшін бейбіт атомды игеруде өте маңызды шара.

Қытайлық серіктестерге өнімді сәтті жеткізіп беру арқылы Қазатомөнеркәсіп пен Үлбі-ЖБҚ әлемдік ядролық отын нарығында сенімді және қолайлы жеткізуші ретіндегі беделін растады.

Анна Чумина