Батыл да әрі қуатты, немесе металды уыттау – жауапты іс

Мүмкін, бұл мамандық Қазақстан ауқымында сирек емес шығар, бірақ ҮМЗ-да ол шын мәнінде сирек кездесетін мамандықтың бірі болып табылады. Барлығы 5 зауыт жұмысшылары «Уыттаушы» атты қызықты және ерекше мамандықтың қыр-сырын меңгерді.

Лауазым атауы үйлесімді болмаса да, тіпті қорқынышты десек те болады, бұл кәсіптің өкілдері маңызды миссияны орындайды және жоғары кәсіпке ие. Олармен кездесу барысында, олардың өте іскер, ашық, мейірімді, өз жұмысын сүйетін адамдар екенін көрдік.

Уыттаушылар – химиялық және ультрадыбыстық әдістермен металл бетін тазарту және жарқырату процесі – уыттаумен айналысатын мамандар. Олардың басты міндеті – қажетті геометриялық өлшемдер мен жоғары сапалы дайындамалар мен дайын өнімдерді шығару.

Николай Лебедев, ТӨ №10 цехының №5 бөлімшесінің бастығы:

– Уыттау технологиялық процесі – тантал және ниобий өнімдері өндірісінің ажырамас бөлігі. Уыттаушылар болмаған жағдайда, тантал өндірісінде дайын өнімнің бірде-бір түрі шығарылмас еді. Өнімнің сапасы – уыттау учаскесі мамандарының үйлесімді және сауатты жұмысының нәтижесі.

«Уыттаушы» кәсібінің атауы ҮМЗ-де 80-жылдардың соңында пайда болды. Осы уақытқа дейін олар апппаратшылар деп аталатын.

Уыттаушылар ұжымы – орныққан, мұнда әркім өз орнында, әркім өз ісін біледі. Учаскенің «Ересектері» Сергей Николаевич Волков пен Сергей Николаевич Подкорытов жас уыттаушылар Иван Гаврилов, Константин Ахмадиев және Владимир Кузнецовтың тәлімгерлері болды.

Сергей Волков және Сергей Подкорытов:

– Біз бірнеше негізгі операцияларды орындаймыз. Азот қышқылында мыс қаптамасынан құймалар, шыбықтар, сымдар мен жалпақ шыбықтарды «уыттаймыз». Әрі қарай, біз оларды балқытқыш қышқыл мен сутегі асқын тотығының ерітіндісінде технологиялық майлаудан, металл қосындыларынан және беткі тотығудан тазартамыз. Сондай-ақ, сымды ультрадыбыстық тазартуды және уытталған металды ағынды сумен шаюды жүзеге асырамыз. Біздің негізгі құрал-жабдықтар – бұл уыттауға арналған үлкен шкаф, уыттау ванналары, сымды ультрадыбыстық тазарту қондырғылары. Сыртқы түрі бойынша дайындалған барлық өнім ТББ-ға жіберіледі және одан әрі дайын өнім қоймасына немесе илемдеу, созу және престеу учаскелеріне әрі қарай өңдеуге жіберіледі.

Уыттаушы уыттау және газ тазалау жабдықтарының жұмыс принциптерін және қызмет көрсету ережелерін, металл бұйымдарын уыттау және тазалау процесінің физикалық-химиялық негіздерін, уыттау ерітінділерін дайындауды, түзетуді және уақтылы ауыстыруды, уыттау процесін ерітіндінің температурасына байланысты реттеуді және тағы басқаларды білуі тиіс.

Иван Гаврилов:

– Осының барлығын және мамандықтың басқа да қыр-сырын біздің «сэнсэй» – аға әріптестеріміз үйреткен болатын. Әрине, біздің жұмысымыздағы ең басты ереже – қауіпсіздікке. Бұл бірінші орында, өйткені кейбір нәрселер қауіпсіз жұмыс ережелері мен талаптарын сақтамай, тек бір рет жасалуы мүмкін. Ұқыптылық, жауапкершілік, сақтық – біздің қызметіміз осыған негізделген.

Сергей Волков пен Сергей Подкорытов өндірісте жұмыс істеп келе жатқандарына 40 жылға жуық уақыт болды. Оларды біріктіретін іс – балық аулау. Бір кездері олар балық аулау бойынша зауыттық жарыстардың белсенді қатысушылары болған еді. Олар бірге металды да «уыттайды», балықты да аулайды!

Сондай-ақ, уыттаушы ұжымның табысты жұмысының негізі – ол бірлік, өзара көмек, қолдау. Бұл жай айтылған сөз емес, себебі онсыз маңызды өндірістік міндеттерді шешу мүмкін емес.

Николай Лебедев:

– Уыттаушы мамандығы күрделі ғана емес, сонымен қатар зиянды жағдайлармен де байланысты. Олардың жұмысы көбінесе қышқылдармен және сілтілермен байланысты болғандықтан, олар скафандр және ЖҚҚ-ның толық жиынтығын (алжапқыштар, қолғаптар, қалқандары бар каска және т. б.) киіп жұмыс істеуге тура келеді. Уыттаушылар – батыл әрі қуатты адамдар. Мұндай шиеленіске және жұмыс ырғағына бәрі бірдей шыдай бермейді, бірақ осының барлығына шыдап, жұмыста қалған адам бүкіл өмірін сол жұмыспен байланыстырады.

Шынында да, уыттаушылар өздерінің өндірістік қызметі туралы айтқан кезде, олардың өз ісіне берілгендерін, яғни шын жүректен «уыттайтындарын» түсінесін.

– Жұмыстағы ең маңыздысы не?

– Қауіпсіздік шараларын ескеру, командада жұмыс істеу.

– Өндіріске қатысы жоқ адамдар, сіздің лауазымыңызды білгенде таң қалады ма?

– Иә, ол үлкен қызығушылық тудырады. Олар: «уыттаушы» деген қандай мамандық, ол немен айналысады?» деген сұрақтар қояды. Біз оларға «уыттаймыз» (күледі) деп жауап береміз. Тіпті біздің лауазымнан қорқақтайтындар да болады.

– Мамандығыңызбен мақтана аласыз ба?

– Иә, мақтанамын, өйткені зауытта ондай мамандық жоқ. ТӨ барлық металдары бізге жеткізіледі, одан кейін біз оны тазартамыз. Білесіз бе, уыттау – бұл өте жауапты іс!

Рәзия Есентаева