Үздік жас металлург

Өскеменде қала әкімінің жыл сайынғы «Алау-2021» жастар сыйлығы табыс етілді. Лауреаттар арасында Үлбі металлургиялық зауытының қызметкері, бериллий өндірісінің аппаратшысы Әділ Төлеуғазинов бар.

Марапаттар мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға үлес қосқан дарынды жастардың өкілдеріне беріледі. Олардың қатарында: жас көшбасшылар, жұмысшы және шығармашыл жастар, спортшылар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері.

– Сендер біздің болашағымызсыңдар. Сіздер сауатты, күшті, еліңді сүйетін болу керек. Ал сіздер де өз кезегіңізде 30-50 жылдан кейін еліміз қандай болады, балаларыңыз бен немерелеріңізге не қалдыратындарыңызды үнемі ойлануларыңыз керек, – деді қала әкімі Жақсылық Омар жиналғандарға.

Марапаттар сегіз номинация бойынша берілді: «Үздік студент», «Үздік студент көшбасшысы», «Үздік жас мұғалім», «Үздік жас ғалым», «Үздік жас дәрігер», «Үздік жас металлург», «Үздік жас спортшы», «Мәдениет және өнер саласындағы үздік жас маман».

«Үздік жас металлург» болып Әділ Төлеуғазинов марапатталды. Біздің кейіпкеріміз ҮМЗ еңбек жолын 2013 жылдың қазан айында №1 БӨ цехының гидрометаллургия бөлімінде төртінші санатты аппаратшы болып бастады. Жұмыс барысында ол өзінің біліктілігін алтыншы сатыға көтеріп, бір-бірімен байланысты бірқатар мамандықтарды игерді: матаушы, аспалы кран машинисі, электр жүк тиегіш машинисі, еденнен басқарылатын кран машинисі, сонымен қатар бериллий гидроксидін өндіру бойынша бірқатар

Самал Искакова