Екінші тоқсанның қорытындысы

26 тамызда 2021 жылдың екінші тоқсанындағы өндірістік қауіпсіздік саласындағы жұмыс қорытындылары бойынша онлайн-кеңес өтті. Іс-шара барысында өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі директордың міндетін атқарушы Виктор Цораев баяндама жасады.

ӨНДІРІСТІК ҚАУІПСІЗДІК

Виктор Асланбековичтің айтуынша, екінші тоқсанда «ҮМЗ» АҚ-да кәсіби аурулар, ЖКО, авариялар мен өрттер тіркелген жоқ. Алайда, сәуір айында бериллий өндірісінде жазатайым оқиға тіркелді, нәтижесінде қызметкердің денсаулығына зиян келтірілді. Зауыт қызметкері Шығыс Қазақстан облыстық оңалту орталығында толық емдеу курсынан өтіп, қазіргі уақытта денсаулығын қалпына келтіру процесін үйінде жалғастыруда. Оның жағдайы тұрақты, асқынулар жоқ.

Виктор Асланбекович 2021 жылға арналған «Еңбек жағдайларын жақсарту, еңбекті қорғау және санитарлық-сауықтыру іс-шараларының кешенді жоспарын» жүзеге асыру барысымен бөлісті. Үш айда 51 іс-шара атқарылды, оларға 20 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалды. Нәтижесінде 1 027 жұмыскердің еңбек жағдайы жақсарды және 105 қызметкер үшін жарақаттану ықтималдығы төмендеді.

Виктор Цораев өз баяндамасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау (ҚжЕҚ) бойынша тексерулерге ерекше назар аударды. Есепті кезеңде 14 комиссиялық тексеру жүргізілді, оның барысында 205 бұзушылық анықталды (120 – жойылды, 85 жою сатысында тұр).

Өнеркәсіптік қауіпсіздік тобының мамандары сондай-ақ жеті жоспарлы тексеру жүргізді, 21 бұзушылық анықталды, оның 16 жойылды, бес бұзушылық – жою процесінде.

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

«ҮМЗ» АҚ барлық бөлімшелерінен қоршаған ортаға эмиссиялар екінші тоқсанның үш айында ҚОҚ саласындағы мемлекеттік уәкілетті органдар белгілеген лимиттерден аспады және мыналарды құрады: атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындылары бойынша – 52,6%, ластаушы заттардың төгінділері бойынша: Үлбі өзеніне – 75,5%, «Қаражал» кенішінің жергілікті рельефіне – 48,6%.

Зауыттың радиациялық қауіпті факторларының бақыланатын мәндері кәсіпорында белгіленген бақылау деңгейлерінен төмен болып тұр. Радиациялық авариялар мен авариялық жағдайлар тіркелген жоқ.

КОРОНАВИРУС ЖАҒДАЙЫ

Виктор Асланбекович есеп беру кезеңінде ҮМЗ-да COVID-19 ауруының 25 жағдайы тіркелгенін атап өтті. 2021 жылғы 1 қаңтардан 25 тамыз аралығында ауырған адамдардың жалпы саны – 358 адам, оның ішінде 346 адам жазылып, екі адам қайтыс болды, он адам емделуде. Ал 25 тамыздағы жағдай бойынша вакцина алғандардың саны 2 718 қызметкерді құрады, бұл үлбіліктердің жалпы санының 72,9% (оның ішінде 2 242 қызметкер вакцинациялаудың толық курсынан өтті – 60,2%. Деректер 26 тамызға сәйкес келеді).

Кездесу қатысушыларына «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасы Сергей Бежецкий сөз сөйледі. Ол бүгінгі таңда біздің зауытта егілген қызметкерлердің пайызы Өскеменнің басқа өнеркәсіптік кәсіпорындарымен салыстырғанда ең төмен екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол вакцинация аурудың статистикасын төмендетудің және шектеу шараларын алып тастаудың міндетті шарты екенін айтты. Сондай-ақ, ол зауытта қызметкерлер үшін жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

– Біздің әрқайсымыз өз жұмыс орнымызда жағдайды жақсы жаққа өзгерте аламыз. Сондықтан барлық қауіпсіздік талаптарын орындауға шақырамын. Сол кезде біз жазатайым оқиғаларды қарастырмайтын боламыз деп үміттенемін, – деп сөзін аяқтады Сергей Владимирович.

Самал Искакова