ЖАСЫЛ БОЛАШАҚ ЖӘНЕ ЖАҢА ШЕШІМ РЕЦЕПТІ

«Жасыл экономика» және «жасыл болашақ» қағидаттары іс жүзінде қалай іске асырылатынын БӨ рационализаторлары мен ҒО бериллий зертханасының ұжымы көрсетті.

АНЫҚТАМА

«Green Mindset – Жасыл БОЛАШАҚ» бастамасында қоршаған ортаны қорғауды, энергия үнемдеуді дамыту, Жасыл экономика қағидаттары негізінде жұмыскерлердің ойлауын дамыту бағыттары айқындалды.

«Ермак кен орны фтор концентратын байыту және шаю технологиялық процесінде азот қышқылды сүзінді пайдалану» рационализаторлық ұсынысы сәтті енгізілді. Сұйық қалдықтардың көлемі қысқартылды. Авторлар «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметкерлері арасындағы 2020 жылғы рационализаторлық қызмет бойынша конкурстың «Green Mindset – Жасыл болашақ» бастамасы шеңберіндегі үздік рационализаторлық ұсыныс номинациясы» бойынша I дәрежелі дипломға ие болды. Жобамен №1 цех бастығы Евгений Соколов, №1 цехтың гидрометаллургиялық бөлімшесінің технологы Эрик Тазбулатов, технологиялық топтың инженер-технологы Евгений Дмитриев, ҒО бериллий зертханасының инженер-зерттеушісі Ирина Шкарпетина жұмыс істеді.

Бериллий техникалық гидроксидін алуға бағытталған БӨ гидрометаллургиялық бөлімінің көпжылдық тәжірибелік қызметінде Ермак кен орнының фтор концентратынан байыту және шаю технологиясында азот қышқылының ерітіндісі және алюминий гидроксидінің есептелген мөлшері қолданылады. Тарихи тұрғыдан алғанда, азот қышқылының массалық концентрациясы 140-тан 160 г/л-ге дейінгі азот қышқылы ерітіндісі арнайы рецепт бойынша дайындалады: айналмалы су + 56% азот қышқылы.

2020 жылы ГТО рационализаторлық ұсынысын енгізуге байланысты жоғарыда аталған технологиялық процестен сұйық қалдықтардың түзілуін 2 800 м3 қысқартты.

Компонент ретінде концентрацияланбаған азот қышқылын қолдану қымбатқа түседі. Қоршаған ортаға эмиссияларды төмендету қағидаттарына сүйене отырып, БӨ рационализаторлар ұжымы Ермаков кен орнының фтор концентратын байыту және шаю кезінде азот қышқыл ерітіндісін дайындау рецептурасын өзгертуді ұсынды. Өндірістік процесте пайдаланылған азот қышқылы ерітіндісі (азот қышқылының орташа массалық концентрациясы – 9 г/л) қолданыла бастады. Бұл ерітінді кальций қоспасынан шаю операциясында бериллий техникалық гидроксидін алу технологиялық процесінде пайда болады. Бір операциядан алынған сүзінді екіншісіне де қолдануын тапты. Өнеркәсіптік сынақтар ерітіндінің химиялық құрамы бойынша талаптарға жауап беретінін көрсетті, енді оны азот қышқылының қажетті концентрациясына 140-160 г/л дейін жеткізу және сәтті пайдалану қажет. Бұл ауыстырудың әсері екі есе болды: қымбат компоненттер мен айналмалы суды үнемдеу және ҚҚШ сорылатын пайдаланылған азот қышқылы сүзгісінің (шламның) көлемін азайту.

Айналмалы су іс жүзінде пайдалануды тоқтатты, азот қышқылын сатып алуға және ҚҚШ шламды орналастыру шығындары қысқарды. 2020 жылы үнемдеу 8 млн теңгеден асты.

Рационализаторлық ұсыныс өткен жылдың ақпан айынан бастап енгізілді. Нәтижесінде – ГТО 2020 жылдың соңына қарай сипатталған технологиялық процестен сұйық қалдықтардың түзілуін 2 800 м3 қысқартты. Сонымен қатар, экономикалық нәтиже алынды. Іс жүзінде 2020 жылы 8 млн теңгеден астам қаражат үнемделді, бұл алдын ала есептеулерге қарағанда 2 млн теңгеге көп.

Евгений Дмитриев:

– Рецептураны өзгерту идеясы 2017 жылдың басында пайда болды. Евгений Соколов екеуміз жұмыс тобының ұжымымен «ҮМЗ» АҚ қалдықтарымен жұмыс істеу және ҚҚШ қызметін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарына» енгізу үшін ұсыныстарды талқылау кезінде осы ауыстыруды қарастыруға шешім қабылдадық. Нәтижесі қаржылық үнемдеу жағынан да, біздің өндірісіміздің сұйық қалдықтарының көлемін азайту жағынан да керемет деп санаймын.

Рецепту өзгерту және презентацияны енгізу авторлар ұжымының қажырлы еңбегі мен сәтті өндірістік сынақтар болды. Рационализаторлар тобының әрқайсысы өз үлесін қосты. Көптеген әзірленген жұмыс құжаттамасы, ғылыми – зерттеу жұмыстары, сынақтарды дайындау және өткізу, мәліметтер жиынтығын жинау және өңдеу, есептер мен дизайн – бұл біздің зауытта жыл сайын дамып келе жатқан үлбіліктердің зияткерлік еңбегі мен «жасыл ойлауының» нәтижелері.

Анна Чумина