Ішкі көрініс

Біз бәріміз ерте ме, кеш пе табиғаттағы қандай-да бір табиғи және ұтымды нәрселерді өзіміз ойлап таптық деген қорытындыға келеміз.
Олдос Леонард Хаксли

ҮМЗ ұжымын танымал еткен көптеген рационализаторлық ұсыныстар-дың бірінің тарихы... сыйлықтан басталды. Балалар әкесінің көлігіне артқы көрініс камерасын сыйлады. Құрылғы идеясы жаңа инженерлік шешімге айналды. Кейін 2020 жылғы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ байқауында «Өндірістегі ең үздік сандық шешім» номинациясы бойынша I орын мен сыйлыққа ие болды.

Жоба «Қаптаманың ішкі бөлігін және пеш жылытқыштарының жай-күйін көзбен шолып қарау үшін бейне-бақылау камераларын қолдану» деп аталады, ал оның авторлары – уран өндірісінің энергетиктері. Уран өндірісінің энергетигі Сергей Лемешко, уран өндірісінің «Р» цехының энергетигі Сергей Коневский, уран өндірісінің инженер-энергетигі Игорь Игнатенко рационализаторлық идеяны іске асырды.

Уран өндірісінің өндірістік процессінде сегіз жоғары температуралы адымдағыш оттықты сутегі пештері бар. Жабдықты әрбір тоқтатқаннан кейін қаптаманы және қыздырғыштардың жай-күйін көзбен қарап тексеріп отыру керек. Осылайша, жалпы алғанда, шамамен 20 метр пештің «ішкі бөлігі» тексеріледі.

Сергей Лемешко: «Бұрын ақаулықты тек пешті бөлшектеу арқылы анықтауға болатын. Тура келді түсіруге термопараларды, қақпақтарды, шиналауды, қаптама бөлігін – барлығын жүк көтергіш механизмдермен көтеріп, іздуге тура келетін. Процесстің жұмысы көп, ал бізде тапсырыстарды орындау бойынша сыртқы келісімшарттық міндеттемелер бар. Проблеммалар туындауына қарай диагностикалар жасалады. Мысалы, «қайықшасы» жылжып кетті делік, ал оның бетінде қаптама кесегі бар. Оны аламыз және тығыздығын анықтаймыз, қандай аумақтан құлап түскенін талдаймыз. Немесе «қайықшалар» әртүрлі себептермен «бірінің үстіне бірі шығып кетуі» («козление») мүмкін, ең қауіптісі – жылытқыш бұзылса және ол қайықшаларға тиіп кетсе. Ондай жағдайда пешті тоқтатып, салқындатып, бөлшектейтінбіз.

Сергей Лемешко: «Идея қайдан пайда болғанын білгіңіз келе ме? Өмірдің өзі ой салды. Менің автомобилім біршама үлкен, бірде балаларым маған мониторға шығатын артқы көрініс камерасын сыйлады, мен оны көріп: қандай айқын сурет және неге жасап көрмеске деп ойладым?! Ол тіркеуішті жұмысқа алып келдім, оны пешке қойдық, жарық түсірдік – сәтті шықты! Бұл – ешқандай эфемералды емес тәжірибелік идея. Камерадан, тұтқасы бар түпқойма және жарықтандыру аспабынан тұратын құрылым алдын-ала жөндеу мақсатында қаптама мен қыздырғыштарды «диагностикалауға» көмектеседі. Тексеру қазір алдын-алу шарасы болып табылады және жағдайды түсінуге жұмсалатын уақытпен қосқанда бір сағаттан үш сағатқа дейін созылады.

Камералы түпқойманы пеш ішінде жылжытқан кезде монитор экранында пештің нақты уақытттағы ішкі көрінісі пайда болады.

Сергей Лемешко: «Бұның мәні келесіде – өнім партиясы шығарылды, пеш тоқтатылды, салқындатылуда, үзіліс жасап тұр. Құрал-жабдықтың қандай жағдайда екенін қарау мүмкіндігі бар. Содан кейін біз комиссиямен қаптама немесе жылытқыштарды ауыстыру қажеттілігін анықтаймыз. Келесі іске қосуға дейін жағдайды түзетуге уақыт бар. Бұл әдеттегі философия деп айтуға болады. Әрине, сіз тек 100% көре алмайсыз, бірақ пеште не болып жатқанын 90% көруге болады.»

Идеяны жетілдіру бірнеше айға созылды. Және осы рационализаторлық ұсынысты жүзеге асыруға көп шығын жұмсалған жоқ – камера сатып алуға шамамен 20 000 теңге шығындалды, ал монитор мен сымдар өзімізде болды. Түпқойманы да өзіміз жасап алдық ал бастапқыда қолданылған сымның орнына итергіш тұтқаны ойлап таптық. Қазір пештер әрбір тоқтаған сайын тексеріледі. Санаулы сағаттарда бәрін тексеруге болады. Сергей Борисович айтқандай: «Тоқтатқаннан кейін ішінде не бар екенін көру аса маңызды іс! Енді әрбір тоқтатқан сайын тексереміз, осылай қалыптастырдық – есесіне жанымыз тыныш болмақ»

Алексей Проскуряков, Анна Чумина