Министрдің ҮМЗ-ге сапары

23 желтоқсанда ШҚО-ға жұмыс сапары аясында зауытқа ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев келді.

Сапар барысында Басқарма Төрағасы Сергей Бежецкий Мағзұм Маратұлын ҮМЗ-дағы қоршаған ортаға (ҚО) зиянды әсерді азайту жөніндегі қолданыстағы бағдарламалармен таныстырды. Атап айтқанда, ол зауыттың ҚО-ға жалпы эмиссиясы кәсіпорын үшін белгіленген лимиттерден аспайтыны туралы айтты. Сондай-ақ, кездесуде Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумды орындау мәселелері қозғалды.

Министр жұмыс тобының құрамында уран өндірісі мен «Үлбі-ТВС» ЖШС-не барып қайтты.

Анна Чумина