Қолымыздан бәрі келеді!

2019 жылдың көктемінде «МАШЗАУЫТ» ЖШС «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС-нің инженерлік желілерін орнату жұмыстарына кірісті.

«Үлбі-ЖБҚ» ЖШС объектісін құру. Қуаты жылына 200 тонна болатын жылу бөлетін құрамалар (ЖБҚ) өндірісі Мемлекет басшысының 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты «Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары» кезеңдерінің бірі болды.

Жоба бұрын жасалған келісімшарттар шеңберінде орындалды. Соған сәйкес, МАШЗАУЫТ алдында күрделі міндеттер тұрды – олар, сыртқы қуат желілерін, сыртқы және ішкі байланыс желілерін, жылыту, жарықтандыру, желдету және ауаны баптау, өрт және авариялық сигнализация, сондай-ақ радиациялық бақылау жүйесін орнату бойынша жұмыстар кешенін орындау. Сонымен қатар, мұның бәрін ең күрделі автоматты басқару жүйесімен байланыстыру қажет болды! Осының барлығын орнату және жөндеу ЖШС-нің міндеті болды.

Жобаны іске асыру мерзімі өте қысқа болғандықтан, жұмыс қарқынды түрде, кейде стресстік режимде жүргізілді. Тапсырмаларды мүмкіндігінше тез орындау үшін МАШЗАУЫТ-тың барлық қызметкерлерін және көптеген қосалқы мердігер мамандарды тартуға тура келді. Қиындықтарға қарамастан, кәсіпорын басшылығы мықты команда жинап, нақты мақсаттар қойып, перспективаларды сипаттап, мотивацияның жоғары деңгейін қамтамасыз ете алды. Осы тәсілдердің арқасында зауыт қолайсыз жағдайлардың өзінде жоспарланған нәтижелерге қол жеткізе алды.

Негізгі өндіріс жөніндегі бас инженердің орынбасары Игорь Апенкин, бас энергетик Болат Кудаскин, құрылыс учаскесінің бастығы Виктор Самокаев, КМҚ шебері Сергей Орлов, ЭЖжЭЖ монтаждау учаскесінің бастығы Виталий Метляков, жөндеу және сынау жөніндегі инженер Илья Чемарев және ЭЖжЭЖ монтаждау жөніндегі инженер-технолог Ольга Юдина қысқа мерзім ішінде әр түрлі мәселелерді шешуде жоғары ұйымдастырушылық пен икемділікті көрсетті.

Сонымен қатар, күнделікті еңбекқорлық пен шыдамдылық танытқан, ең бастысы – керемет нәтиже көрсеткен жоғары кәсіби мамандарды да атап өтуге болмайды. Олардың ішінде: Владимир Кречетов, Максим Севастьянов, Владимир Васильев, Анатолий Баранов, Андрей Осьмушин, Евгений Калужин, Евгений Зиновьев, Елена Александрова, Алена Логинова, Николай Чернов, Ербол Тоқтаров, Галина Осипова, Ирина Граф, Наталья Лазарева, Татьяна Слабодян. Алайда, МАШЗАУЫТ үшін бұл жоба соншалықты ауқымды болғандықтан, ортақ іске баға жетпес үлес қосқан барлық қызметкерлерді тізімдеу мүмкін емес. Бұл жерде инженер-сметашылар, технологтар мен конструкторлар, өндірістік-диспетчерлік бюро, сатып алу бөлімі және сапаны бақылау бөлімінің қызметкерлері, бухгалтерлер мен экономистер арасында үздік мамандар бар, сонымен қатар басқа да көптеген кәсіпқойлар кездеседі.

Ортақ тапсырманы орындау үшін сырттан келген мамандардың нысан аумағына кіруін қамтамасыз ету кезінде күштеп қорғау және күзету бөлімінің, қауіпсіздікпен қамтамасыз ету отрядінің және ҮМЗ ақпаратты қорғау бөлімінің қызметкерлері мен басшыларының ілтипаттылығы мен ізгі ниеттілігін атап өтуге болады. Көптеген мәселелерді жедел шешуде негізгі рөлді, жобаны әзірлеуші – Үлбі жобалау-конструкторлық институтының жоғары білікті мамандары атқарды. «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС-нің басшылығы мен қызметкерлері құрылыс жүргізу барысында жылдам қолжетімділікті, жедел көмекті және өзара әрекеттестікті ерекше ынтамен қамтамасыз етті.

Бүгінгі таңда объектінің құрылысы аяқталды. Пайдалануға беру актісіне қол қойылды. МАШЗАУЫТ үшін бұл тағы бір жетістік және тәжірибеге қосқан үлесі болып саналады. «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС-нің қызметкерлері мен басшыларына кәсіпорынның жобалық қуатқа жетуін, пайдалы келісімшарттар мен өркендеуді тілейміз! Сонымен қатар, «МАШЗАУЫТ» ЖШС-мен ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастық құрылуын тілейміз!

Ақпаратты, «МАШЗАВОД» ЖШС-нің «Үлбі-ЖБҚ» объектісін салу жөніндегі жобаның жетекшісі, МжӨ жөніндегі инженер Павел Шерстобаев ұсынды.