Біздің арамыздағы батырлар

Зауыт жұмысшылары көршілерін өрттен құтқарды.

8 шілдеде кешке Крылов көшесіндегі үйде өрт пайда болды. Төртінші қабаттағы пәтерде жиһаз өртеніп кетті. Құтқарушылар келгенге дейін екі көрші – Андрей Переседов пен Валерий Семенков бөлмеде зейнеткер қалғанын біліп, оны құтқаруға асықты.

Андрей Переседов – 39 жаста, ол уран өндірісінің өндірістік-техникалық бөлімінің инженері болып жұмыс істейді.

Андрей Переседов есікті бұзып, түтіндеген пәтерге еңбектеп кірді. Валерий Семенков қасында жүріп оған көмектесті. Үй иесін тапқан соң, Андрей оны баспалдақ алаңына апарып, келген өрт сөндірушілерге тапсырды. Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері зейнеткерге алғашқы көмек көрсетті. Өрт сәтті сөндірілді.

– Маған қоңырау шалып, көршіде өрт шыққанын айтқан кезде, мен еш ойланбастан киіп жүрген киіміммен – шолақ шалбармен сланцымен жүгірдім. Өрт сөндірушілерді шақырыңдар деп айқайлап айттым да, Валерий екеуміз есікті сындыруға кірістік. Бәрі тез болды. Үш-төрт минут ішінде. Әжені тіпті ауруханаға жатқызу қажет болмады, – деп Андрей Валерьевич естеліктерімен бөліседі.

Павел Волков – 63 жаста, ол – бериллий өндірісі №1 цехының аппаратшысы.

Үш күн өткен соң, 11 шілдеде тағы бір зауыт қызметкері Павел Волков көршілерін өрттен құтқарды.

Бұл былай болды. Кешкі сағат сегізде Славский көшесінде бірінші қабаттағы пәтерде өрт пайда болды. Көрші жерде тұратын Павел Волков түтінді байқап, сол пәтерде тұратын әйел мен оның ұлын оятып, оларды көшеге шығарды.

– Кешке балконға шығып едім төменнен түтін иісін сездім. Бұл жайдан-жай емес деп ойладым. Бірінші қабатқа түсіп едім, онда басқа көршілер есікті қағып жатты. Ешкім ашпайды. Кіреберістен шығып, терезеге жақындап, москит торын шешіп, пәтерге ендім. Терезе торларының болмағаны жақсы болды. Көршінің ұлын жұлқылап оятып едім, өртеніп жатқан матрацты көрдім. Оны ваннаға тастап, су құйдым. Содан кейін көршімді де көрдім. Осы уақыт ішінде кіреберіске екі рет жүгіруге тура келді. Түтіндегеннен ауа жетіспеді, – деп Павел Валентинович әңгімелеп берді.

Зауыт ұжымы әріптестерінің ерліктері мен батылдығына тәнті болды!

Баспасөз қызметі