Экологиялық басымдықтарды белгілейміз

5 маусымда халықаралық қауымдастық Қоршаған ортаны қорғау күнін атап өтеді. Бұл – Үлбі металлургиялық зауытының табиғатты қорғау саласындағы жұмыстарын қорытындылауға жақсы мүмкіндік.

Таза ауа формуласы

«ҮМЗ» АҚ-ның қоршаған ортаға эмиссияларын бақы-лау зауыттың жұмысы атмосфералық ауаның, судың және топырақтың күйіне теріс әсер етпейтінін көрсетеді. Бұл нәтижеге ҮМЗ-де жүзеге асырылып жатқан кешенді ұзақ-мерзімді экологиялық бағдарламаның арқасында қол жеткізілді.

Негізгі экологиялық іс-шаралар ауа бассейнін қорғауға бағытталған. Бұл үшін компания арнайы жабдықты пайдаланады. Циклондар мен скрубберлер, түтікті және аэрозольды сүзгілер, құйынды және циклонды-көбікті қондырғылар, талшықты толтырылған сүзгілер облыс орталығының ауасын бериллий, азот диоксиді, азот және күкірт қышқылы, аммиак және гидрохлорид шығарындыларынан қорғайды.

Зауыт зертханасы жыл сайын, шамамен, 13 мың ауа сынамасын жасайды. Өткен жылдың қорытындылары бойынша зиянды заттардың белгіленген лимиттен асып кетуі тіркелмеген. Сонымен қатар компания шығарындылары белгіленген жылдық лимиттен төмен. Зауыт шығаратын заттардың үлесі – Өскемен кәсіпорындары шығарындыларының жалпы көлемінің 0,1%-ы.

Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем 2019 жылы, шамамен, 117 миллион теңгені құрады.

Аммиакты залалсыздандырамыз

Бүгінде ҮМЗ ауаға шығарылатын заттардың жартысына жуығын құрайтын аммиак шығарындыларын азайту үшін көп күш салуда. Бұл бағыттағы ғылыми-техникалық әзірлемелер мен ізденістер тұрақты жалғасуда. Қанатқақты газды тазарту қондырғысы бериллий өндірісінде сынақтан өтті. Жаңа технология аммиак буларын 95-97% бейтараптандыру дәрежесімен бериллий өндіретін газдарды кешенді тазартуға мүмкіндік береді. Оны іске асыру онсыз да аз мөлшерлі шығарындыларды кемітуге мүмкіндік бермек.

Тоған құрылысы жүріп жатыр

2008 жылдан бастап Үлбі металлургиялық зауытының қалдық қоймаларының гидротехникалық құрылыстарын жоспарлы түрде қайта құру жүргізілуде. Сонымен бірге, сақтау қоймаларының ұлғаюы байқалмайды, қолда бар аумақтар қайта пайдаланылуда. Қазіргі уақытта №5 буландыру тоғанының екінші кезегі (карталар) салынуда.

Буландырғыш тоған бұл кәсіпорынның өндірістік ағынды суларын, өндірістік қалдықтардың сұйық бөлігін қабылдайды. Жаңарту кезінде заманауи құрылыс материалдары қолданылады. Буландырғыш тоғанның түбі сүзгіге қарсы экранмен және 100 жыл кепілді жұмыс істейтін заманауи геосинтетикалық материалдармен жабдықталған. Мұнда орналастырылған қалдықтардың суы біртіндеп буланып, ластаушы заттардың жерасты суларына түсуіне жол берілмейді. Буландыру тоғандарын пайдалану аяқталғаннан кейін қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Нысан құрылысы Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортасын жақсарту жөніндегі 2019-2022 жылдарға арналған кешенді шаралар жоспарына енгізілген. Құрылыстың бірінші кезеңі өткен жылы біткен, екінші кезеңі 2020 жылдың күзінде аяқталады.

Меморандум

2020 жылғы 21 мамырда «ҮМЗ» АҚ, Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті және Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қазгидромет» филиалы қолайсыз метеожағдайдағы (ҚМЖ) өзара іс-қимыл туралы үшжақты меморандумға қол қойды.

ҮМЗ қолайсыз метеожағдайдың пайда болуы туралы «Қазгидрометтен» болжам алғаннан кейін осы кезеңде шығарындыларды азайту бойынша іс-шараларды жүзеге асырады. Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті қажет болған жағдайда мони-торинг жүргізгеннен кейін атмосфералық ауаның жағдайын жақсарту іс-шараларын ұсынады. ҚМЖ дәрежесіне байланысты ҮМЗ өнімділікті 20-дан 60%-ға дейін төмендетуге және бірқатар көздердің жұмысын тоқтатуға міндетті.

Экологиялық менеджмент

Заманның өзі экологиялық және экономикалық көрсеткіштердің оңтайлы қатынасына қол жеткізетін экологиялық таза өндірісті басқару жүйесін енгізуді талап етеді. Осы мақсатқа жету үшін компания жыл сайын тәуелсіз халықаралық сарапшылармен сәтті сертификатталатын ISO 140012015 халықаралық стандартына сәйкес экологиялық менеджмент жүйесін енгізді.

«ҮМЗ» АҚ экологиялық менеджмент жүйесі компанияға экология саласындағы жұмысты жүйелеуге ғана емес, сонымен бірге әр қызметкерге қаладағы және аймақтағы қоршаған ортаны жақсарту міндеттерін шешуде өз жауапкершілігін сезінуге мүмкіндік береді.

Тазалық – таза ұстаған жерде

Өндірістік экологиялық жетістіктер – бұл ұжымдық жұмыстың нәтижесі, алайда ҮМЗ қызметкерлері табиғатты қорғауға өзіндік үлесін де қосуда. Мәселен, өткен жылдың қыркүйегінде жұмысшылар өз бастамасымен қашықтығы жарты шақырым болатын Үлбі жағалауын қоқыстан тазартты. Зауыт жұмысшылары кішкене болып көрінген жерден 120 тонна қоқыс шығарды. Сондайақ 2019 жылы үлбіліктер 55 гектар өз аумақтарында және зауыттың санитарлық қорғау аймағында қайың, емен, шырша көшеттерін отырғызды, сонымен қатар 10 мыңнан астам бұта екті. Зауыт жұмысшылары мұндай шараларды жыл сайын өткізіп, көшеттерді үнемі күтіп отырады. Биыл игі дәстүр бойынша көгалдандыру жұмыстары жалғасатын болады.

Уақыты келгенде бұл шыбықтар әдемі жасыл тоғайға айналады!

Алексей Проскуряков, «ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі
Газета «Рудный Алтай», №66 от 4.06.2020 г.
Газета «DIDAR», №66 от 4.06.2020 г.
Газета «7 ДНЕЙ», №22 от 4.06.2020 г.