• Атом энергетикасы, электронды және металлургиялық өнеркәсіп және басқа да қызмет облыстарының қажеттіліктеріне арналған уран, бериллий, тантал мен ниобий өнімдерін өндіруші. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді. Болашаққа бізден бірге!
  • «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Уран өндірісі – бұл атом электрстанцияларына арналған уран отынын өндіретін әлемдегі бірегей және ірі кешендердің бірі, ядролық саладағы жұмыс тәжірибесі де мол болып табылады. Болашаққа бізден бірге!
  • «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ бериллий өндірісі әлемдегі кен концентратын қайта өңдеуден сапалық параметрге бағыттап, дайын өнім түріне дейін шығаратын толық өндірістік циклі бар үш кәсіпорынның бірі. Болашаққа бізден бірге!
  • "Үлбі металлургиялық зауыты" АҚ тантал өндірісі ТМД аумағында жеке және әлемде тантал қосылған шикізатты қайта өңдеуден дайын өнім алуға дейін толық өндірістік циклі бар аса ірі кәсіпорындардың қатарына жатады. Болашаққа бізден бірге!

Сенбілікке тік тұр!

 Зауыт жұмысшылары «Бірге – таза Қазақстан!» республикалық экологиялық акциясына қолдау көрсетуді жалғастыруда және олар бір неше рет қоқыспен күресуге аттануда.

Бұл жолы іс-шара «ҮМЗ» АҚ-ның 70 жылдығына арналды, оған 41 қызметкер мен бес арнайы техникасы қатысты. Бастаманы Өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі директордың қызметі ұсынды.

Қыркүйек айының соңында жұмыс киімін киген (ал біреулер тіпті костюмін аямай), қолғаптар мен қаптармен қаруланған үлбіліктер ұзындығы 440 метр және ені 30 метрге дейін Үлбі жағалауын коммуналдық қалдықтар мен құрылыс қоқыстарынан тазартуға кірісті. Олардың алдындағы міндет оңай болған жоқ. Бұл жерде адамдар көп жүрмейді, кейде көліктер ғана өтеді. Ал кейбір «кәсіпкер» өздерін мазаламауды қалайтын қала тұрғындар арнайы белгіленген қоқыстарға жетпей тұрып, осы аумаққа қоқыс тастайды. Алайда, қиындықтар «ҮМЗ» қызметкерлерін ешқашан қорықтырмады және олар бір күнді қоғамдық қызметке қуана арнады. Зауыт жұмысшылары 120 тоннадан астам қоқысты жинап шығарды!

Іс-шараның соңында өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі директоры Евгений Чумин барлығына белсенділік, ұқыптылық пен еңбек үшін алғыс айтты. Атап айтқанда, Евгений Александрович қызмет көрсету орталығы мен автокөлік шаруашылығының қызметкерлерін ерекше атап өтті, өйткені олар тек сенбілікте ғана емес, күн сайын тазалықты қадағалап, аумақты тазартады!

 «ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметі