Жаңа ұжымдық шартқа қол қойылды

 26 ақпанында «ҮМЗ» АҚ жаңа Ұжымдық шартқа қол қою рәсімі өткізілді.

            Жаңа Ұжымдық шартқа жұмыс беруші атынан – «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасы Рустам Медео, жұмыскерлер жағынан – «ҮМЗ» АҚ ҚЖК» ҚҰ кәсіподағының төрағасы Алексей Феоктистов қол қойды.

–                 Ұжымдық шарт – бұл жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасында әлеуметтік, еңбек, экономикалық өзара қатынастарды реттейтін маңызды құрал. Ұжымдық шарт заңнамамен кепілдік берілген стандарттардан жоғары зауыттықтарға берілген қолданыстағы жеңілдіктер мен кепілдіктерді толықтырады. Бұл зауыт жұмысындағы негізгі міндеттердің бірі болып табылып, біздің қызметкерлеріміздің әлеуметтік пакетін жақсартуға мүмкіндік береді, - Рустам Медео құжатқа қол қою рәсіміне түсініктеме берді.

Зауыт үшін маңызды құжатқа қол қою рәсімінің алдында өткен жылдың қазан айында басталған үлкен жұмыс өткізілді. 11 қазанда жұмысшылар мен жұмыс берушілердің 10 өкілінен тұратын тепе-теңдік негізінде комиссия құрылды.

 Зауыт жұмыскерлерінен қолданыстағы құжатқа өзгерістер мен қосымшалар енгізу үшін барлығы 40 ұсыныс түсті. Аталған ұсыныстардың негізінде Ұжымдық шарттың жобасы әзірленіп дайындалды, ол барлық бөлімшелерде қарастырылған болатын.

– Комиссия үлкен жұмыс өткізді. Тараптардың келіссөздері өзара түсіністік жағдайында сындарлы болды, – Алексей Феоктистов атап өтті.

Жаңа Ұжымдық шарт алдыңғы шарттай үш жыл – 2022 жылдың 26 ақпанына дейін жарамды болады.

 «ҮМЗ» АҚ баспасөз-қызметі