МАРАПАТТАР БАТЫРЛАРЫН ТАПТЫ

«ҮМЗ» АҚ жұмыскерлерінің дәстүрлі спартакиадасының қорытындылары шығарылды. Осы жылы кәсіпорынның үздік спортшылары 60-шы (!) рет қатарынан ұлықталды.


Зауыт спартакиадасы кәсіпорын жұмыскерлері үшін басты спорттық оқиға болып табылады. Бұнда жыл сайын жүздеген адам қатысады. Осы жылы да шет қалмады. 12 команданы ұсынатын 700-ге жуық зауыттықтар спорттың он түрінде жарысты.
Өткен жарыс қорытындылары бойынша негізгі өндірістер арасында «Искра» тантал өндірісінің командасы чемпион атанды. Екінші орынды «Прогресс» уран өндірісінің командасы иеленді. Бериллий өндірісінің дене шынықтырушыларын бірлестірген «Заря» қола жүлдегері атанды. Қосалқы өндірістер арасында «Энергия» энергетикалық орталығының командасы чемпион атағын иеленді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету отрядының, зауыт басқармасы және ақпараттық технологиялар орталығы жұмысшыларын бірлестірген «Союз» командасы күміс, ал «ҮМЗ» АҚ ардагерлер ұйымын танытатын «Ветераны» - қола жүлдегері атанды.
«2018 жылдың «ҮМЗ» АҚ-ның үздік дене шынықтыру ұйымдастырушысы» атағын тантал өндірісінің жұмыскері Александр Мишин иеленді. «ҮМЗ» АҚ-ның үздік жаттықтырушысы» атағын «ҮМЗ» АҚ кәсіподақ комитетінің армрестлинг жаттықтырушысы Татьяна Ушакова иеленді. Оның тәрбиеленушілері арасында біздің зауыттың жұмыскерлері – «Казатомөнеркәсіп» ҰАК Спартакиадасының екі дүркін чемпионы Николай Бычков, Спартакиада чемпиондары Альфия Абдуллина, Гүлмира Теміржанова, Павел Бочевский, Валерия Ильюшкина бар. 2018 жылдың «ҮМЗ» АҚ-ның үздік спортшысы тантал өндірісінің жұмыскері Қазақстанның спорттық бейімделу бойынша спорт шебері Талгат Закирьянов атанды.
2018 жылдың «ҮМЗ» АҚ спартакиадасының үздік спортшысы болып энергетикалық орталықтың жұмыскері Александр Путинцев атанды. Александр спартакиаданың алты спорт түріне қатысты, жеңіл атлетика мен шағын футболдан бірінші, жеңіл атлетикалық кросс пен баскетболдан екінші орын, үстел теннисінен үшінші орын, жүзуде төртінші орын алды. 2018 жылдың «ҮМЗ» АҚ спартакиадасының үздік спортшысы болып бериллий өндірісінен Қазақстанның шаңғы жарысы бойынша спорт шебері Евгения Савченко атанды.
«ҮМЗ» АҚ-ның әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті спорттық дәстүрлерді сақтай отырып «ҮМЗ» АҚ-да дене шынықтыру мен бұқаралық спортқа көп көңіл бөледі. Зауыттық спартакиададан басқа 2018 жылы кәсіпорында үстел теннисі, шахмат, бильярд, волейбол, баскетбол, шағын футбол бойынша турнирлер өткізілді. Кәсіпорын жұмысшылары спорттық секцияларда және денсаулық топтарында дайындалды, жетекші спортшылар қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысты.

Пресс-қызметі