HR-ҮРДІСІНІҢ ЖАҢАШЫЛДЫҒЫ

 «ҮМЗ» АҚ өндірістік - өнеркәсіптік кешен бөлімшелерінің қызметкерлер жөніндегі мамандары мен қызметкерлерді басқару жөніндегі топ жетекшілердің бірлескен жиналысы өтті.

Жиналыс қатысушыларына Шымкент қаласында өткен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ атқарымдық HR-комитетінің кезекті жұмысы туралы айтып берді, оған біздің кәсіпорынның персонал жөніндегі директор қызметінің жұмысшылары қатысты. Іс-шараның негізігі мақсаты адами ресурстарды басқару саласындағы білім мен тәжірбие алмасу, сонымен қатар әлемнің үздік тәжірбиесі мен трендтерді үйрене отырып, бизнес – серіктестік құзыреттілікті дамыту болып табылады. Қызметкерлермен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Әлия Шеримова өзінің «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ атқарымдық HR-комитетінің жұмысына қатысуы туралы айтып берді.

- Бүгінгі күні әлемдік тренд – «Кез – келген ұйымның негізі – ол адами ресурстар» деген ұранды ұстану, дәлірек айтқанда, қызметкерлер компанияның стратегиялық әлеуетінің негізі болып табылады, - деді Әлия Тайконовна.

– Сондықтан да, білікті және ынталандырылған қызметкерлердің бірлескен жұмысы арқылы компанияның стратегиялық мақсатына қол жеткізуге болады. Кәсіпорындағы кадр жұмысының бүгінгі мақсаты – HR қызметкерлерінің қамтамасыз ету рөлінен, стратегиялық серіктестік деңгейіне өткізу. Ол деген компанияның бастамасы мен стратегиясын жүзеге асыруда барлық бөлімшелермен өзара әрекеттесу. Адами ресурстармен жұмыс жасау  дәл осы бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Кейіннен Әлия Шеримова жиналыс қатысушыларын қызметкерлерді басқару саласындағы жаңа үрдістерімен таныстырды. Адами ресурстарды басқару саласындағы трендтер мен жалпы үрдістегі семинар бағыты алдағы жылы біздің кәсіпорынымызда тәжірбиелік түрде жүзеге асырылатын болады. Ол туралы бізге қызметкерлерді дамыту жөніндегі менеджер Валерия Гамулина айтып берді.

 ҮМЗ баспасөз қызметі