Бір ауыздан мақұлдады

 5 қараша күні «ҮМЗ» АҚ. Солтүстік алаң. 600-ғимарат. Таблеткалар өндірісі. Техникалық қайта жабдықтау. Ұнтақты араластыру желісі. Планетарлық-иірмекті араластырғыш» жобасы бойынша қоғамдық тыңдалым өтті.

Тыңдалымға Өскемен қаласы әкімшілігінің, «Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, қоғамдық ұйымдардың, БАҚ өкілдері мен Үлбі металлургиялық зауытының қызметкерлері қатысты.

Жоба бойынша баяндаған уран өндірісі «Р» цехының бастығы Гузеев Сергей және Үлбі жобалау-конструкторлық институтының инженер-жобалаушысы Старухина Елена. Гузеев Сергей қатысушыларға УӨ жүзеге асырылатын AFA 3G француз дизайндағы отын таблеткаларын шығару жобасы бойынша қысқаша ақпаратты ұсынды. Бүгінгі күні «ҮМЗ» АҚ сертификацияланған технология тоқтаусыз өндіріс кезінде жылына 160 тоннадан артық отын таблеткаларды шығаруды көздеген. 160 тоннадан астам өнімді шығару үшін таблетка өндірісін жаңғырту қажет. Жаңғыртудың бірден – бір кезеңі ол екінші планетарлық-иірмекті араластырғышты сатып алу болып табылады. Осы жабдықты пайдалана отырып, өндірістік қуаттылықты арттыруға, сонымен қатар араластыру кезінде өнімнің бір өнімнен екінші өнімге байыту кезіндегі шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Елена Старухина жиналғандарға орналастырылатын өндірістің атмосфералық ауаға, су және жер ресурстарына, өсімдік және жануарлар әлемі мен адам денсаулығына тигізетін түрлі әсерлерін бағалау қорытындыларын айтып берді. Нысанды пайдалану кезінде сантиралық – эпидемиологиялық талаптар мен радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтар сақталған жағдайда қызметкерлер мен тұрғындарға тиігізетін әсер ұйғарынды.

Баяндаманы талқылағаннан кейін қоғамдық тыңдалым қатысушылары жобаны бір ауыздан мақұлдады.

«Экологиялық қауіпсіздік орталығы» ЖШС директоры Геннадий Корешков «ҮМЗ» АҚ мамандарымен жоба бойынша толық ақпарат ұсынлғандығын жеткізді.

- Уран өндірісінің қолданыстағы учаскесіндегі техникалық қайта құру қоршаған ортаға кері әсерін тигізбейді. Зиянды заттардың атмосферада шашырауын ескергенде, тасталатын зиянды заттардың көлемі ҮМЗ периметр шегінен шықпайды, деді - Геннадий Корешков.

  «ҮМЗ» Баспасөз қызметі