Біздің әзіл!

«Бесті әкел!» – осындай айбын девизбен ққараша айының бастапқы күндерінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК КТК  VI Кубогы өтті. Бұл жолы ойын тақырыбы ретінде: қауіпсіздік, жауапкершілік, кәсіпқойлық, даму және команда сынды Қазатомөнеркәсіп корпоративтік құндылықтары болды.   

Холдинг кәсіпорындарының 10 командасы екі дәстүрлі конкурста – сәлем беру және музыкалық үй тапсырмасы жарысқа түсті.  

ҮМЗ құрамасын ТӨ № 10 цехы  № 3 бөлімше мастері, команда капитаны   Дмитрий Бобылев, ТӨ БӨАжА слесарі Никита Попенко, БӨ ісқағаздарын жүргізу жөніндегі аға инспекторы Айгерим Касенова, ЭО слесарь-жөндеушісі Александр Путинцев, ЭО  электромонтері Сергей Головин және СО инженер-физигі Анастасия Гричанова.

Біздің қыз-жігіттеріміз жалын шаша әзілдесті, көрермендерге позитивті энергия сыйлады, бар күштерін салып вокал мен биде өз таланттарын көрсетті, өз көрсетілімдерін жарқын, әртістік жағынан жоғары деңгейде және есте қаларлықтай көрсетуге тырысты. Бәрі де қолдарынан келді.

– Осы жылы біз ойынға ерекше дайындалдық, Біздің тәлімгеріміз Иван Гончаров – көпжылғы  өтілі бар өскемендік көңілділер мен тапқырлар қатарынан, бізге едәуір күшін салды. Екі конкурста да біз еш олшылық жібермедік. Бірақ, біздің көрсетілімге қатысты әділқазылар алқасының пікірі әртүрлі болып шықты. Қола жүлдесіне бізге небәрі 0,4 балл жетіспей қалды! Алайда, төртінші орынға ие болсақ та, іс-шарадан біздің алған жағымды эмоцияларымыз шексіз! – деп КТК Кубогынан алған әсерімен команда капитаны   Дмитрий Бобылев бөлісті.

Құрамалардың көрсетілімдерін қоғам қайраткері және Астана КТК команда құрамасын негізін салушы әділқазылар төрағасы Бахыт Сыздыкова, әнші, музыкант, шоумен Ерлан Кокеев, «Спарта Номад» КТК команда директоры Серикжан Несипбаев, Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығының басшысы Ербол Исмаилов және атом өнеркәсібі қызметкерлерінің салалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Касымжан Мадиев бағалады.

Ойынды қорытындылай келе, сарапшы әділқазылар нөмірлердің ерекшелігін және конкурсқа түскендердің шығармашылық бағытын ескерді. Ең көңілді және тапқыр команда болып Сауда-көлік компаниясы марапатталды.   

 ҮМЗ баспа-қызметі