ҮЛБІЛЕКТЕРДІҢ ТАБЫС КОДЫ. 29 күні Үлбі металлургиялық зауыты 69-шы Туған күнін атап өтті.

Бір мақсат, бір мүдде, адамдардың өзара тұтастығы мен бірлігі, барлығының бір команда болып жұмыс жасауы – бұл үлкен күш, әрбір істің табысты болуының ажырамас бөлігі.

 Табысты болудың жолдары көп және әртүрлі. Алайда «Қазатомөнеркәсіп»ҰАК кәсіпорындарының өз табыс коды бар, ол бес корпоративтік құндылықтардан құрылған: қауіпсіздік, жауапкершілік, дамыту, кәсіпқойлық пен команда.  Дәл осы корпоративтік құндылықтар туралы 29 қазан күні өткен Үлбі металлургиялық зауытының 69-шы туған күнін тойлау қарсаңында  айтылды.

Іс-шара ұйымдастырушылары корпоративтік құндылықтарды популязиялаудың ерекше формасын тапты. Концерт бойы жүргізушілер әрбір құндылыққа ерекше екпінді қоя отырып, көрермендерге әрбір құндылықтың ерекшілігін көрсете алы. Ең алдымен қауіпсіздіктен бастады, өйткені қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтамай, денсаулықты, шығармашылық пен өмірдің өзін елестету мүмкін емес. Кейіннен жауапкершілік туралы сөз қозғалды, зауыттың беделі мен өндірістік қызметтің жалпы нәтижесі үшін зауттың әрбір қызметкері жауапты екендігін қызметкерлер жақсы біледі. Қызметкерлердің кәсіпқойлығы алға қойған тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді, сол себепті өз міндеттемелерді жоғары сапада орындау қажет. Сонымен қатар қазіргі өмірде барлығы тез өзгеруде. Үлкен белестерге жету үшін, әрдайым кәсіптік құзыреттілік пен жеке қасиеттерді дамыту қажет.

Осы қасиеттердің барлығы зауыттықтарға тән. 69 жыл ішінде ҮМЗ жаңа технологияларды енгізіп, өндірістегі жаңа бағыттарды дамытатын кәсіпқой ұжымға айналған. Мадақтауға тұрарлықтай, өз өмірлерін туған зауытына арнаған мыңдаған адам - ҮМЗ бір командасы. Бұл мереке күні «Ертiс концерт» концерттік залында жиналған қауым жыл сайынғы дәстүр бойынша Өскемен қаласының ең үздік артистердің жүрекжарды құттықтауларын қабылдады. Зал зауыттық орындаушылар Никита Попенко (тантал өндірісі), Юлию Дарницына (энергетика орталығы) және зауыт басқармасының қызметкері Әсем Рыспаеваны ерекше құлшынулықпен қарсы алды.

…Корпоративтік құндылықтар туралы әңгімелесудің осындай тәсілі барлық зауыт қызметкерлеріне ұнады. Көрермендер залынан шыққандар, ұсынылған көрініс компания құндылықтарын егжей-тегжей түсінуге мүмкіндік бергендерін айтты. Себебі, шынымен де корпоративтік құндылықтар – ол біздің өміріміз бен  жұмысымыздың ажырамас бір бөлігі.

  ҮМЗ баспасөз қызметі