АППАРТШЫЛАР ҮШІН ТАПСЫРМА

 Александр Лантушенко, Алексей Костогруд, Юрий Иванов «Уран өндірісінің «В» цехтың үздік аппаратшысы» кәсіптік байқау – жарыстың үздіктері ретінде атанды.

 Дәстүрлі байқау Зауыт күніне орай өтті. Биылғы жылғы байқауға төртінші-алтыншы дәрежедегі 10 аппаратшы қатысты. Төртеуі алдынғы жылғы байқауға қатысты.

- Біз әдейі, кәсіби біліктілігі, дайындық деңгейі мен тәжірбиесі әртүрлі аппартшылардың басын қостық, деді - «В» цехтың бастығы Андрей Гофман.

– Ең бірінші барлығы өздерінің шеберліктерін көрсетуі қажет: жастар да, тәжірбиелі мамандар да. Екіншіден, күрделігі бойынша әртүрдегі байқау тапсырмалары, әрбір қызметкерге өз кәсіби деңгейі мен мүмкіндігінше әлеуетін ашығу мүмкіндік береді. Аппаратшының жұмысы, кез келген мамандық иесіндей теориялық тапсырмалардан басталады. Сондықтан байқаудың бірінші кезеңі теориялық тапсырмаладан басталды.  Қатысушылар 20 минут ішінде 10 сұраққа жауап беруге тиіс еді, соның ішінде «В» цехында қолданылатын өндірістік үрдіс технологиясы бойынша сұрақтар, радиациялық қауіпсіздік пен еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі сұрақтар болды.

Комиссия мүшелері «В» цехтың бастығы Андрей Гофман, «В» цехтың ұнтақтарды шығару бойынша бөлімшесінің бастығы Юрий Варывдин, ұнтақтарды шығару бөлімшесінің технологы Сергей Ковалев пен уран өндірісінің еңбек қорғау және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженер Александр Козионов, қатысушылардың теориялық дайындық деңгейі жоғары екендігін атап өтті. Екінші кезең, іс – тәжірбиелік, оған реагентер шығыны мен тығыздамалы нығыздағышты ауыстыру жөніндегі тапсырмалар кірген.

- Барлық қатысушылар – жарады. Қызметкерлерді жақсы дайындағаны үшін ауысым шеберлері мен инженерлік-техникалық құрамға жеке алғыс білдіргім келеді. Оқыту – ең басты міндет, білімсіз іс – тәжірбиені жүзеге асыру мүмкін емес, деп – байқауды қорытындылады Андрей Гофман.

 «ҮМЗ» АҚ Баспасөз қызметі