ДЕПУТАТТЫҚ БАҚЫЛАУДА

 ҮМЗ қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Парламент мәжілісінің депутаттары Жанат Жарасов пен Ерсұлтан Бектұрғановпен кездесуі өтті.

 Шығыс Қазақстан облысына мәжіліс депутаттары жұмыс сапарымен келді, саяткерлер Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықына жолдауының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсу: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» бағыты бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Депутаттар аралаған кәсіпорынның бірі, Үлбі металлургиялыз зауыты болды.

Үлбіліктердің алдында сөз сөйлеген Ерсұлтан Бектұрғанов Жолдаудың негізгі бағатын егжей – тегжейлі түсіндіріп, соңғы жылдағы Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі мен алдағы уақытқа Елбасының Үкімет алдына қойған міндеттері туралы айтып берді. Ерсұлтан Бектұрғанов денсаулық сақтау, орта және жоғары білімді жаңғырту тақырыптарына ерекше көңіл бөлді. Оның айтуынша экономикамыз қарқынды түрде дамып келеді, сол себепті медицина да бір орында тұрмайды: дәрігерлер өз жұмысында жаңа технологияларды жие қолданып жүр. Қазақстанның облыстарындағы медициналық орталықтары нанотехнологиялар мен роботтандырылған хирургияны қолдануда.

Шығыс Қазақстан облысының ұлттық қауіпсіздік комитет департаментінің бұрынғы басшысы Жанат Жарасов, үлбіліктерге сыбайлас жемқорлықтың экстремизм сияқты қауіпті екендігін түсіндіріп, оның жою жолдарын айтты.

- Экстремизм мен терроризмге қарсы іс - әрекеттер арнайы органдармен жүйелі түрде жүргізіледі. Алайда, сыбайлас жемқорлық та – экстремизм сияқты ұлттық қауіпсіздікте тікелей тенген қатер, - деді депутат. Жанат Жарасовтың айтуынша сыбайлас жемқорлық жергілікті орындаушы билік, ішкі істер, білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы ең көп тараған. Онымен тиімді күресу үшін, ҚР Парламент Мәжілісі өз ведомстваларда сыбайлас жемқорлыққа жол берген басшылар үшін жазаны қатайту туралы заң жобасын бастамашылық етті.  бастамашылық жасау

Кездесу соңында үлбіліктер мәжілісмендерге ең төмен жалақыға қатысты, ТҮКШ саласындағы мәселерді шешуге, соның ішінде монополиялардың қызметі мониторинг жасау және бақылау сұрақтарына, міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мен балалар үшін тегін спорт секцияларын дамыту  бойынша сұрақтарды қойды.

Кездесу барысында қозғалған барлық сұрақтар депутаттық бақылауға алынды.

 «ҮМЗ» АҚ Баспасөз қызметі