ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРІ

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да компания кәсіпорындарының арасында «Жыл қызметкері – 2018» жылдың үздік қызметкері атағына байқаудың жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының атом саласы қызметкерлері күніне орай 28 қыркүйекте Шымкент қаласында өтті. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасы Ғалымжан Пірматов «Кәсіпқой», «Тәлімгер», «Перспектива» номинациялары бойынша байқау жеңімпаздарын құттықтап, оларға дипломдар, мүсіншелер мен атаулы сыйлықтарды табыстады.

Іс-шараға «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасы Рустам Медео мен «Кәсіпқой» атағы бойынша байқау жеңімпаздары - жетінші дәрежедегі аппаратшы Бауыржан Ахметов пен БӨАжА жөніндегі темір ұста Александр Медведев қатысты. Екеуі де – Тантал өндірісінің жұмыскерлері.

Бауыржан Ахметов зауытта 30 жылдан астам жұмыс істейді. Жылдар бойы ол тантал өндірісі № 10 цехы № 3 бөлімшесінде аппаратшы болып жұмыс істеп келеді. Бұл бөлімшеде ваккумдық-доғалы және гарнисаждық балқыту технологияларын қолданып, тантал және ниобий құймаларын алады. Бауыржан Асылханұлы бөлімшенің кез келген учаскесінде жұмыс істей алады. Алайда оның мол тәжірбиесі мен шеберлігі аса таза металдар алынатын ганисаждық балқыту жұмыстарында байқалады.

Бұл учаскеде бірегей ДВГП-2 доғалы ваккумдық гарнисаж пеші орнатылған. Пеші өнімі – кейіннен қысыммен өңдеу үшін ұсақтүйіршікті теңосьті макроқұрылымды аса таза тантал құймалары. Өнім сапасына қойылатын талаптар қатаң болғандықтан, мұндай жауапты жұмыс біліктілігі жоғары мамандарға ғана сеніп тапсырылады.

- Заманауи металлургия – бұл жоғары технологиялық өндіріс, барлығы автоматтандырылған. Қазіргі металлургтер бұл пеш мониторының экранына қарай отырып, балқыту үрдісін жүргізеді, - дейді Бауыржан Ахметов. – Осындай технологияларды пайдалану жоғары сападағы өнімді алуға мүмкіндік береді.

Бауыржан Асылханұлы «аппаратшы» мамандығымен қоса, «металл жонушы» мамандығын да игерген, дайын құймаларды алғаннан кейін, ол металл жону станогында құймалардың өңдеуін өзі жүргізеді. 

Белсенді еңбек қызметі, жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін Бауыржан Ахметов бірнеше алғыс хаттармен марапатталған, оның фотсуреті зауыттың Құрмет тақтасында, Тантал өндірісінің Құрмет тақтасында орналастырылған. 2013 жылы ол үшінші дәрежелі «ҚР атом саласына еңбегі сіңген қызметкері» төс белгісімен марапатталды.

Александр Медведев үшін де «Жыл қызметкері – 2018» байқауындағы жеңісі оның еңбек жолындағы бірінші марапат емес.

Александр Витальевич ҮМЗ-де шамамен 40 жыл жұмыс істеп келеді. Өндірісте жұмыс істеп жүріп, ол өндірістен қол үзбей энергетикалық техникумда «Автоматика және баптауды бақылау жүйесі» мамандығы бойынша кәсіби білім алған.

- Мен бірден БӨАжА жөніндегі темір ұста ретінде жұмыс істеп бастадым. Жұмыс маған өте ұнады. Бұл іспен өмір бойы айналысқым келетінін түсіндім. Сондықтан да, бұл мамандықты жақсы меңгеру үшін оқуға түстім дейді, - Александр Медведев.

Тантал өндірісінің № 58 цехы оған тәжірбие алу мектебі, өмірлік ісі мен туған үйіндей болып кеткен.

- Көп жыл бойында мен жаңа учаскелерді құрастыруға қатысып, біздің технологиялық тізбелерде қолданылатын барлық аспаптарды дерлік зерделедім. Сонымен қатар, «10000 жақсарту» бағдарламасына үлкен қызығушылықпен қатысамын. Орындау механизмдері учаскесіндегі түрлі өлшеу датчиктерін жасау және құрастырумен байланысты ұсыныстарды бірнеше мәрте бергенмін. Бұған мен игерген металл жонушы екінші мамандығы көмектесті, - дейді Александр Медведев.

Оның бастамашылдығы мен жоғары кәсіпқойлығын әріптестері мен басшылары да ерекше атап өтеді:

- Жұмыс уақыты ішінде Александр Витальевич цехта пайдаланылатын автоматтандыру мен өлшеу құралдарын толық меңгеріп, БӨАжА жабдығының жұмысын жақсарту үшін біршама ұсыныстарды енгізген.

Александр Медведевтің есебінде сегіз алғыс, үш Құрмет грамотасы бар. Оның суреті екі мәрте зауыттың Құрмет тақтасына орнатылған. 2017 жылы Александр Витальевич «Зауыт ардагері» атағына ие болды.

«Жыл қызметкері-2018» салалық сыйақысы «Кәсіпқой», «Тәлімгер», «Перспектива» үш номинациясы бойынша екінші жыл қатарынан берілуде. Биылғы жылғы байқауға Қазатомөнеркәсіптің еншілес және оған тәуелді ұйымдарынан 140 адам қатысты. Салалық байқаудағы жеңіс Бауыржан Ахметов пен Александр Медведев үшін лайықты марапат, еңбектерінің жоғары бағасы болып табылады.   

 ҮМЗ баспасөз қызметі