Үздік ретінде танылды

 Атом саласы қызметкерлерінің күніне орай бес үлбілік «Қазақстан Республикасы Атом саласына еңбегі сіңген қызметкерлері» атағына ие болды. 

 Көпжылдық жемісті еңбегі, алға қойған тапсырмаларды кәсіби деңгейде және нәтижелі орындағаны үшін, сонымен қатар еңбек өнімділігін арттырттырып, өндіріске алдыңғы қатарлы технологияларды енгізгені үшін тантал өндірісінің № 58 цех бастығы Валерий Кофман І дәрежедегі (алтын) құрмет төс белгісімен марапатталды.

Еңбек міндеттемелерін адал атқарып, аса жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген уран өндірісінің бесінші дәрежедегі аппаратшысы Татьяна Ковалева                 ІІ дәрежедегі (күміс) құрмет төс белгісіне ие болды. Жаңашылдығы, өндіріске алдыңғы қатарлы технологияларды енгізіп, еңбек жағдайларын жақсартуға, өнім сапасын арттырып, еңбек өнімділігін ұлғайтуға қосқан үлесі үшін.

ІІІ дәрежедегі құрмет төс белгісімен Бериллий өндірісінің директоры Евгений Франц марапатталды. Дәл осы марапатқа, көпжылдық жемісті еңбегі мен жоғары кәсіптілігі үшін ҚОҚ тобының жетекшісі – бас  маман Михаил Белянин мен уран өндірісінің аспапшысы Евгений Мозговой ие болды.

 ҮМЗ баспасөз қызметі