ӨШПЕС ЕСТЕЛІК

Тантал өндірісінің тау-кен байыту кешенінің қызметкерлері 1972 жылы 52605 әскери бөлімшесінің базасында құрылған Семей ядролық сынақ полигон мұражайының экпози­циялық залында болып қайтты. Бұл мұражай Ғылыми ядролық орталық институт ғимаратында орналасқан. Тау-кен байыту кешенінің қызметкерлері мұражайдағы ғылыми ақпаратқа лық толтырылған атмосфераға сіңгендей болды.

Ұсынылған экспонаттар барлық қатысушыларға ұмытылмас әсер қалды­рды. Ең алдымен оларға мұражайдың ең ерекше үлгісі ретінде – 1955 шы­ғарылған, бірінші буын, сынақ алаңда­рында тіркеу аппаратурасы мен ядролық қопарғыш зарядтар үшін қажетті АП-2 бағдарламалық автоматты ұсынды. Кейіннен атом сынамаларын өткізу және зерделеу үшін қажетті алаңдардың макеттері көрсетілді. «Сынақ алаңы» макеті КСРО алғашқы ядролық сынақ өткізу алаңындағы эксперементтік дайындығын дәлме дәл көрсеткендей болды. Ұңғыма макеті горизонталдық тау-кен қазба жұмыстары кезіндегі «Дегелен» сынақ алаңындағы жер асты ядролық сынамаларды жүргізу технологиясын ашып берді.

Ұңғыма макеті «Балапан» сынақ алаңындағы жер асты сынамаларды жүргізу принциптерін көрсетіп шықты. Сонымен қатар қызметкерлерге тірі ағзаға әсер тигізетін ядролық факторларды зерттейтін полигонның ғылыми – тәжірбиелік бөлігіндегі медико – биологиялық бөлім туралы айтып берді. Кез келген жануарлар зерттеу нысаны ретінде қызмет еткен. Көрсетілген экспонаттар, ядролық сынақ полигонындағы жарылыс кезінде тәжірибе жүргізілетін жануарлардың зардап шеккеннін және ішкі ағзаларының зақымдалғанын көрсетеді.

Біз бұл экскурсиядан үлкен әсер алдық. Ядролық қарудан бас тартпаған жағдайда, алдағы өміріміз қандай боларын елестету қиын. Семей ядролық сынақ полигонын жауып және ядролық қарудан бас тарта отырып, біздің еліміз басқа мемлекеттер үшін үлгі болды. Дегенмен, бұл оқып білуді қажет ететін біздің тарихымыз. Бұл тарихи оқиғаны біз ұмытпауымыз керек.

Мұражай Қазақстан тұрғындары мен шет елден келген келушілердің қызығушылығын арттыруда. Мұражай жұмыс істегелі бері онда 30.000 адам болып қайтты.

 

Пресс-кызметi