Талаптарға сай

«ҮМЗ» АҚ кәсіпорында қолданылатын менеджмент жүйесі ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, BS OHSAS 18001:2007 стандарт талаптарына сай екндігін куәландыратын TÜV lnternational Certification сертификатты алды.

Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың сәуір айының соңында ООО «Интерсертифика-TЮФ халықаралық аудиторлар командасы,  құрамына Владимир Качалов, Владимир Матвиенко, Салават Ахмалетдинов, Владимир Буланов және Елены Шевченко кірген, ТЮФ Тюринген бірлесіп, «ҮМЗ» АҚ кәсіпорында қолданылатын менеджмент жүйесі мен оған теңестірілген үрдістердің ISO 9001:2015, ISO 14001:2015 и OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестілігін жүргізді.

«ҮМЗ» АҚ сапа және экология менеджмент жүйесін ISO 9001 и ISO 14001 стандарттарың жаңа үлгісіне ауыстыру жұмыстары өткен жылғы аудит кезінен бастап бір жыл бойы жалғасты. Берілген сертификат атқарылған жұмыстың сәтті өткенін дәлелдейді.

ООО «Интерсертифика-TЮФ» Бас директоры Владимир Рождественский, «ТЮФ Тюринген» бірлесіп «ҮМЗ» АҚ еңбек ұжымына жемісті ынтымақтастық үшін алғыс білдіріп, сертификаттың алуымен құттықтады. 

«ҮМЗ» АҚ Баспасөз қызметі