Бір– бірімен қол алысты

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Басқарма Төрағасы Рустам Медео мен «Үлбі металлургия зауыты» АҚ қызметкерлердің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің кәсіподақ төрағасы Алексей Феоктистовтың кездесуі өтті.

Әлеуметтік – еңбек қатынастар саласындағы жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы серіктестіктің маңызы зор екендігі бәрімізге мәлім, себебі бұндай серіктестік жұмыс беруші мен қызметкерлер арасында туындағын кез –келген сұрақтарды шешуге мүмкіндік береді. Ксәпіорынның экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығы, екі тараптың дұрыс шешіміне тікелей байланысты. «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасы мен кәсіпорын кәсіподағының көшбасшысы арасында өткен кездесу, еңбек қатынастарын реттеу сұрақтары бойынша сұхбаттасуларды жүргізуге дайын екендігін көрсетеді.

Рустам Медео мен Алексей Феоктистовтің алғашқы кездесуі болғандықтан, кездесуде еңбек қорғау мен қауіпсіздікке, еңбекақыны көтеруге, зауыттықтарға берілетін әлеуметтік жеңілдіктердің жеке түрлеріне қатысты сұрақтарды талқылады. Кездесу барысында кәсіпорын басшысы, әкімшілік пен кәсіподақ үшін маңызды тапсырмалары болып табылаты бөлімшелердегі еңбек қорғау және өндірістік қауіпсіздік ережелері мен нормалардың сақталуына байланысты мәселені көтерді. Сонымен қатар ол еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған кәсіподақ қызметінің жұмысына көңіл бөлді.

Кәсіподақ көшбасшысы қызметкерлерге еңбек ақыларын көтеру мүмкіндігі мен таңертенгі уақытта қызметкерлерді қызметтік транспортпен қамтамасыз ету және қызметкерлердің ерікті медициналық сақтандыруға қатысты сұрақтарды қойды.

Кездесу соңында Басқарма Төрағасы мен кәсіподақ төрағасы алдағы уақытта жұмыс берушімен қызметкерлер арасындағы серіктестікті қолдап, ашық конструктивтік әңгімелесулерді өткізу қажет екендігіне тоқталды.

«ҮМЗ» АҚ Баспасөз – қызметі