ҮЗДІКТЕР АТАНДЫ

 Дүниежүзілік еңбек қорғау күні қарсаңында «ҮМЗ» АҚ еңбек қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі бойынша жыл сайынғы байқау – жарыстың қорытындылары шығарылды. 

Байқауға үш топ бойынша кәсіпорын қызметкерлері қатысты. Бірінші топқа Уран, Тантал және Бериллий өндірісі, екінші топқа – Сервис, Энергетика мен Сынау орталықтары, ал үшінші топқа – дайын өнімдер қоймасы, қойма шаруашылығы, ғылыми орталық пен автокөлік шаруашылығы кірді. Биылғы жылы Уран өндірісі, Энергетика орталығы мен автокөлік шаруашылығы өз топ арасынан жеңімпаз болып танылды.

Кәсіпорында апатты және өндірістік жарақаттануды алдын – алу жөніндегі жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін жеңімпаз бөлімшенің 23 қызметкеріне алғыс жарияланып, ақшалай сыйақы берілді.

Солардың ішінде: Уран өндірісінің ауысым шебері Павел Крыжановский және ЕҚжҚОҚ жөніндегі инженер Александр Козионов, Энергетика орталығының АҚК жұмыстары жөніндегі темірұста Николай Коротков және ЕҚжҚОҚ жөніндегі инженер Елена  Клочкова, автокөлік шаруашылығының қауіпсіз қозғалыс жөніндегі маман Виктор Пименов және ЕҚжҚОҚ жөніндегі инженер Надежда Вахнова.

Еске сала кетейік, байқау 2011 жылдан бастап өткізіледі. Оның мақсаты «ҮМЗ» АҚ қызметкерлерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қорғау, қауіпсіздік ережелерін сақтауы, өндірістік жарақаттану мен кәсіби аурулардың алдын – алу және еңбек жағдайларын жақсарту болып табылады.

 

 «ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметі