АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАНДЫРУ

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ 2017 жылдың спорт жарыстарының қорытындылары шығарылды

  Өскемен қ.                                                                      22 желтоқсан 2017 ж.

 

 

«ҮМЗ» АҚ спартакиадасы зауыттық денешынықтырушылар үшін жылдың басты оқиғасы. Биылғы жылы 12 құраманың атынан қатысқан 700 жуық адам, спорттың он түрінен жарысты. 

Өткен жарыс қорытындылары бойынша негізгі өндіріс құрамасы арасынан тантал өндірісінің «Искра» құрамасы чемпион болып танылды. Уран өндірісінің «Прогресс» командасы екінші орынға ие болды. Бериллий өндірісі спортшыларын басын қосқан «Заря» құрамсы қола жүлдегері ретінде танылды. Қосалқы өндіріс арасында энергетика орталығының «Энергия» құрамасы екінші мәрте чемпион титулына ие болды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету отряды мен ҮМЗ басқармасы қызметкерлерінен құралған «Союз» құрамасы күміс жүлдегері ретінде, ал «Машзавод» ЖШС атын шығарып жүрген «Металлист» қола жүлдегері ретінде танылды.

«ҮМЗ» АҚ 2017 жылдың үздік денешынықтыру ұйымдастырушысы» атағы Тантал өндірісінің физоргы Александр Мишинге берілді. Өзінің жас тобы арасыда полиптлоннан әлемдік чемпион болып танылған ғылыми орталықтың қызметкері Ирина Троеглазова «ҮМЗ» АҚ 2017 жылдың ең үздік спортсмені ретінде танылды. «ҮМЗ» АҚ 2017 жылдың үздік тренер» атағы жеңіл атлетика бойынша тренер және «ҮМЗ» АҚ кәсіподақ қызметкері Рахымғазы Көшербаевқа берілді. Сонымен қатар уран өндірісінің қызметкері Андрей Ирхо «ҮМЗ» АҚ 2017 жылдың үздік спортшы» ретінде танылды. Ал Тантал Өндірісінің қызметкері Альфия Абдуллина «ҮМЗ» АҚ 2017 жылдың үздік спортшысы» деп танылған.

Биылғы жылы «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ  құрама командасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ спартакиадасының жеңімпаздары болып танылды.

Дәстүрлерді сақтай отырып, «ҮМЗ» АҚ әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті «ҮМЗ» АҚ көпшілік спорттық іс – шараларды дамытуға ерекше көңіл бөледі. Зауыттық спорт жарыстарымен қоса, 2017 жылы әр түрлі спорт түрінен жарыстар өткізілді. Зауыттың спортшылары облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға, денсаулық топтарына және спорттық жарыстарға белсенді қатысады.

 

·             «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ - атом энергетикасының, электрондық, металлургиялық өнеркәсіптің және басқа қызмет салаларының қажеттіліктеріне арналған әлемдегі танымал уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін өндірушілердің бірі. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді. 

·             «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – уран мен оның қосындыларының, сирек металдар, атом электростанциялары үшін ядролық отын, арнайы құрал-жабдық, қос арналымдағы технологиялар мен материалдар экспорты бойынша Қазақстанның ұлттық операторы. Компания қызметінің негізгі бағыттары болып табылады: геологиялық барлау, уран өндіру; ядролық отын циклінің өнімдерін өндіру; конструкциялық материалдар өндірісі; энергетика; ғылым; әлеуметтік қамсыздандыру және кадрлар даярлау. Казатомпром Қазақстан Республикасындағы жаңғыртылатын энергетика бағдарламасының белсенді қатысушысы болып табылады. Бүгінгі таңда компанияда 26 000-нан астам адам жұмыс істейді. Казатомпром әлемнің жетекші уранөндіруші компанияларының қатарына кіреді.

 «ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметі