БАРЛЫҚ ЖАЛАУЛАР БІЗДЕ ҚОНАҚТА

 

Швеция патшалығы мен Штирия (Австрия) федералдық жерінің өкілдерін маусымда Үлбі металлургиялық зауытында қабылдады.

 

Таратпау жөніндегі іс

Бейбіт атомды пайдалану, ядролық қаруды таратпау және, әлбетте, АЭХА Төмен байытылған уран банкін құру – осы тақрыптардың бәрі, ШҚО ресми сапар кезінде 16 маусымда біздің зауытымызда болған, Швеция патшалығы делегациясының өкілдерінде қызығушылық танытты.

Швеция парламентінің спикері Урбан Алинның және ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың төрағалығымен делегацияны керме-ақпараттық орталықта «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасы Юрий Шахворостов қарсы алды.

Кәсіпорынымыздың бай тарихы: бірінші жобалардан бастап заманауи өндірістер мен бірегей өнімі – қонақтарға зор әсер етті. Алайда, АЭХА төмен байытылған уран банкін өз аумағында орналастыру жөніндегі Қазақстанның ниеті ерекше қызығушылықты танытты. Юрий Шахворостов қонақтарға жоба, оны құру тарихы және жүзеге асыру туралы бәрін айтты, сұрақтарға жауап берді.

Делегация мүшелері неге ҮМЗ ғана Банкті орналастыру үшін таңдалды, ТБУ Банкінде не және қалай сақталатыны, қалай басқа елдер осы ниетті қабылдады және осыған қалай қарайтыны туралы сұрақтарды қойды.

-             Сіздің еліңізде халықаралық Төмен байытылған уран банкін құру – бұл барлық әлемге маңызды істегі Қазақстанның зор маңызын  тану -  деп Урбан Алин қорытындылады. 

Кездесудің аяғында делегация мүшелері аталған объектіні қарауға АЭХА ТБУ Банкі орналасатын қоймаға барды.

Келесі күні делегация мүшелері Курчатовқа аттанды. ШҚО әкімі Даниал Ахметовпен делегация Семей сынау полигонында және Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында болды.

 

Елдермен достасу

Маусымның ортасында біздің кәсіпорынымызда Штирия (Австрия) фдералдық жерінің делегациясы болды. Қонақтарды Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары - бас инженер Анатолий Кучковский қарсы алды.

Дәстүр бойынша Көрме – ақпараттық орталықтың экпозициясымен таныстырудан кездесу басталды. Орталықтың өзі, онда қорғаныс тапсырыстардан бастап халық шаруашылығына негізделген жобаларға дейін жиналған зауыттың тарихы туралы қонақтарға КАО директоры Альберт Гофман баяндады. Неге бериллий қортпасы болат қортпасынан жақсы, не үшін тантал және басқалары керек деген сұрақтар қонақтардың көргені мен естігенінде қызығушылығын танытқандарын көрсетті.

Зауыттағы кездесу Уран өндірісіндегі экскурсиямен жалғасты. №600 корпуста қонақтар уран диоксиді ұнтақтарының және уран таблеткаларының өндірісі жөніндегі учаскені қарады.

Біздің зауытқа және жалпы Шығыс Қазақстанның өнеркәсіптік потенциалына деген австриялық делегацияның қызығушылығы бекер пайда болған жоқ. Штирия жергілік парламентінің екінші Президенті Мануэла Комның айтуы бойынша, «біздің өңірлердің ұқсастығы көп». Шынымен, Оңтүстік шығыстағы Австрия федералдық жерінде қара және түсті металлургия, таукен өнеркәсібі, машина жасау, ағаш өңдеу, химиялық, тамақ және мата өнеркәсіптері дамыған.

 Ортағымыз көп болғанмен, жемісті ынтымақтастыққа да үлкен мүмкіндік бар. Штирия (Австрия) федералдық жерінің делегациясымен кездесу барысында облысымыздың әкімі Даниал Ахметов Шығыс Қазақстанда қызығушылық танытқан қызмет саласарын белгіледі және «металлургияны, атом өнеркәсібін және ауыл шаруашылығын зерттеумен айналысатын шетел университеттерімен байланыстарды үйлестіру қажеттілігін» атап өтті.

Делегацияның екі күндік кездесу қорытындылары бойынша ШҚО және Штирия федералдық жері арасында ынтымақтастық туралы бірлескен өтінімге қол қойылды.

 

 

«ҮМЗ» АҚ Баспасөз қызметі