Үлбі металлургиялық зауыты
акционерлік қоғамы

Меморандумға қол қойылды

16.06.2025

«ҮМЗ» АҚ 5 маусымда күні ҚМЖ болғанда штаттан тыс экологиялық жағдайлар кезінде іс-әрекет жасау жөніндегі меморандумға қол қойды.

Меморандумға барлығы 8 тарап қатысты – ШҚО әкімдігі, ШҚО бойынша экология, төтенше жағдай, санэпидбақылау, полиция департаменттері, «Қазгидромет» РМК ШҚО бойынша филиалы, «Өскемен тынысы» экологиялық қорғау бюросы» ҚБ, ҮМЗ және басқа да өнеркәсіптік кәсіпорындар.

Меморандумның мақсаты – шұғыл іс-әрекет жасау, қолжетімділікті қамтамасыз ету, өлшеу және халықты ақпараттандыру үшін штаттан тыс экологиялық жағдайлар туындаған кезде өзара іс-қимыл тәртібін белгілеу.

Меморандум шеңберінде тараптар ҚМЖ басталған кезде атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларын азайту жөніндегі іс-шаралар кешені іске асырылаты туралы уағдаласты. Қол қойылған меморандумға сәйкес ШҚО экология департаменті ҚМЖ кезінде кәсіпорындар аумағында орналасқан атмосфераға шығарындылар көздерінде өлшеуді жүзеге асыра алады.