«Казатомпром» білікті кадрларды даярлауға инвестиция салады
11.09.2026
Қазақстан-Британ техникалық университетінде атом және уран өнеркәсібіне арналған алғашқы мамандандырылған кабинет ашылды. Жобаны «Қазатомпром» ұлттық компаниясы бастамалаған.
Қазақстан 2009 жылдан бері уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшылық орнын сақтап келеді. Саланы одан әрі дамыту үшін елге заманауи білікті кадрлар қажет. Сондықтан «Қазатомпром» жас мамандарды даярлауға ерекше басымдық беріп отыр.


