Уран өнімдері
Үлбі металлургиялық зауытының Уран өндірісі – ядролық салада зор тәжірибесі бар, атом электрстанцияларына арналған уран отынын өндіретін әлемдегі бірегей және ірі кешендердің бірі.
Көрсетілетін қызметтердің кеңдігі, икемді өндірістік және маркетингтік саясат, өнімнің жоғары сапасы Үлбі металлургиялық зауытының АЭС-ке арналған ядролық отынның әлемдік нарығына белсенді қатысуына мүмкіндік береді.

Жарты ғасырдан астам уақытта уран бар материалдарды қайта өңдеу саласында жинақталған тәжірибе және жоғары кәсіби кадрлар – тұтынушылардын кез келген талаптарына толық сәйкес келетін өнім шығаруына мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның мамандары дайындаған бірегей технология дәстүрлі шикізатты ғана емес, сонымен қатар құрамында уран бар қиын аршылатын материалдар: күл, ерімейтін тұнбаларды, соның ішінде құрамында жанып кететін тұтқыштар бар шөгіндерді, сондай-ақ қалпына келтірілген шикізатты Тапсырыс берушінің ең қатаң талаптарына сай өнімге дейін тиімді өңдеуді қамтамасыз етеді.
Озық технологиялар, автоматтандырылған басқару жүйелері және заманауи жабдықтарды пайдаланып өндіріс барысын толық бақылауға және қажет жағдайда жедел түзетуге мүмкіндік береді. Нәтижеде адам мен уран құрамды материалдардың тікелей байланысы барынша азаяды.

Қазіргі таңда Уран өндірісі әлемдік нарыққа келесі өнімдер мен қызметтерді ұсынады:
- табиғи уранның шала тотық-тотығы;
- ядролық керамикалық сұрыпты уран диоксидінің ұнтақтары;
- Framatome франциялық компаниясы жобалаған PWR реакторларына арналған AFA 3G үлгдегі отын таблеткалары;
- аршылуы қиын құрамында уран бар материалдарды қайта өңдеу қызметтері.
Уран өндірісі өнімді сертификаттау саласында жинақталған зор тәжірибе барынша қысқа мерзім ішінде өнімнің жаңа түрін игеруге мүмкіндік береді. Бұл жаңа нарықтарға шығу мүмкіндігін кеңейтіп, қазіргі және болашақ Тұтынушылармен ынтымақтастықтың жаңа белестеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Өнімді сату сұрақтары бойынша Уран өндірісінің маркетинг бөліміне хабарласуға болады:
Е-mail: Marketing_U@ulba.kz
телефон: +7 (7232) 29-86-05
Жаңарту күні: 12.12.2025


