Табиғатпен үндестік
13.04.2026
Биылғы көктемде Үлбі металлургиялық зауытында өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі директор қызметінің бастамасымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында алғаш рет «Құстар күні» акциясы өтті.
Оған зауыт бойынша зертханалардан бастап өндірістік алаңдарға дейінгі барлық бөлімшелер қосылды. Аумақтарда табиғатқа қамқорлық көрсетудің кішкене, бірақ маңызды белгілері ретінде құстарға жем салатын 38 астау мен 21 құс үйшіктері пайда болды.
Акция экологиялық мәдениетті қалыптастыруға тағы бір қадам болды және тіпті өнеркәсіптік ортада да қамқорлық, жылулық және тіршілікке орын бар екенін еске салды.


