Үлбі металлургиялық зауыты
акционерлік қоғамы

Шеберлігі іспен расталған

09.01.2026

Жұмысшы кәсіптері жылы аясында тантал өндірісінде «Үздік электр монтері» кәсіби шеберлік байқауы өтті, оған ең жауапты және сұранысқа ие мамандықтардың бірінің жас мамандары қатысты.

Байқау бағдарламасы теориялық және тәжірибелік екі кезеңнен тұрды. Теориялық емтихан кезінде қатысушылар тест сұрақтары мен есептік міндеттерден тұратын 20 тапсырманы орындады. Нормативтік құжаттама, электр техникасы негіздері бойынша білімі және стандартты емес жағдайларда шешім таба білуі тексерілді.

Тәжірибелік кезеңде байқауға қатысушылар іске қосқыштардағы бұғаттаумен электр схемасын тексерді. Қазылар алқасы тапсырманың орындалу жылдамдығын, монтаждау сапасын және қауіпсіздік техникасы талаптарының қатаң сақталуын бағалады.

Байқау комиссияның құрамына тантал өндірісінің жетекші мамандары кірді. Байқауды «ҮМЗ» АҚ бас энергетигі Максим Зайцев ашты. Оның айтуынша, мұндай бастамалар кәсіби құзыреттілікті дамыту үшін маңызды.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды 5 разрядты электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр монтері Нурсултан Узбаев иеленді. Екінші орынға Евгений Пелих, үшінші орынға Адильбек Амерханов ие болды.