Құндылығы 37 литр
37 литр – Үлбі металлургиялық зауытының қызметкерлері екі күн ішінде тапсырған донорлық қан мөлшері. Кезекті Донор күніне кәсіпорынның 82 қызметкері қатысып, өңірлік қан банкін толықтырды.
Қан өңдеуден кейін өмірлік маңызды компоненттерге – эритроциттерге, плазмаға және тромбоциттерге бөлінеді. Осының арқасында бір донорлық қан тапсыру бірден үш пациентке көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл ҮМЗ донорларының 200-ден астам адамға сауығып кетуге мүмкіндік беріп отырғанын білдіреді.
Заманауи ғылым көптеген процестерді қайта өндіруді үйренгенімен, бүгінгі күнге дейін адам қанының жасанды баламасы жоқ. Оны зертханада синтездеу немесе химиялық құраммен алмастыру мүмкін емес. Оның жалғыз көзі – бейтаныс адамды құтқару үшін өз уақытының жарты сағатын бөлуге дайын адамдар. Біздің зауыт жұмыскерлері үшін мұндай акциялар әлдеқашан игі дәстүрге айналды.
– ҮМЗ қызметкерлеріне өздері ешқашан кездеспеуі мүмкін адамдарға көрсеткен жанашырлығы мен көмек көрсетуге дайындығы үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Олардың арқасында талай адамның өмірі сақталды, – деді атап өтті ШҚО қан орталығының жұртшылықпен байланыс жөніндегі менеджері Мира Мұстафина.


