ҮМЗ-де «Эко-шеберхана: ең үздік үйшігі!» байқауының қорытындылары шығарылды
Үлбі металлургиялық зауытында Балаларды қорғау күні мен «Таза Қазақстан – 2026» экологиялық акциясына арналған «Эко-шеберхана: ең үздік құс үйшігі!» атты балалар шығармашылық байқауының қорытындылары шығарылды.
Байқауға ҮМЗ және «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС жұмыскерлерінің 37 баласы қатысып, 35 жарқын және ерекше туындыларды ұсынды. Әрбір құс үйшігі өзіндік дизайнымен, ойластырылған құрылымымен ерекшеленді және табиғатқа деген үлкен сүйіспеншілікпен жасалған.
Дарина мен Захар Бахтиндер – «Ең ерекше дизайн» номинациясының жеңімпаздары атанды. Екінші орынды Диана Ревуцкая, үшінші орынды Максим Шевченко иеленді.
«Үздік инженерлік шешім» номинациясында Арина Гончар жеңіске жетті. Екінші орын Алан Исакинге, үшінші орын Вероника Ряписоваға берілді. Қазылар алқасының арнайы сыйлықтарымен Эмилия Ревуцкая мен Азалия Бекишева марапатталды.
Байқаудың барлық қатысушылары дипломдар мен ақшалай сыйлықтарға ие болды. Жақын арада балалар жасаған құс үйшіктері зауыттың аумағын көркейтіп, құстардың жайлы үйіне айналып – табиғатқа қамқорлық жасау қарапайым, бірақ маңызды істерден басталатынының белгісі болады.


