«Таза Қазақстан» акциясы аясында ҮМЗ қызметкерлері 20 мың қарағай көшетін отырғызды
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасына Үлбі металлургиялық зауытының жұмыскерлері қосылды. Олар Большереченск орманшылық мамандарымен бірге Шемонаиха ауданының «Серохвостик» шатқалында 20 мың қарағай көшетін отырғызды.
Акцияға 58 ерікті қатысты. Олардың еңбегінің арқасында бірнеше жылдан кейін 4 гектарға жуық аумақта аймақтың жасыл қорына айналатын жас қарағай орманы бой көтереді.
ҮМЗ ұжымы үшін экологиялық бастамаларға қатысу игі дәстүрге айналған. Өткен жылдың күзінде зауыт жұмыскерлері орман шаруашылығы қызметкерлерімен бірге Жоғарғы Үбі орманшылығында 20 мың шырша отырғызса, енді Шығыс Қазақстан табиғатын қалпына келтіруге тағы бір үлестерін қосты.
Бүгінгі егілген көшеттердің орнында жылдар өте келе нағыз қарағайлы орман өсіп шығуы үшін жас ағаштарды орман шаруашылығының мамандары күтіп-баптайтын болады.


