Үлбі металлургиялық зауыты
акционерлік қоғамы

Дастан Кошербаев «ҮМЗ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды

12.06.2026

«ҮМЗ» АҚ-ның барлық дауыс беретін акцияларына ие Жалғыз акционердің шешімімен Дастан Ермекулы Кошербаевты «ҮМЗ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі етіп сайлау туралы шешім қабылданды.

Дастан Кошербаев 1988 жылы дүниеге келген. 2011 жылы Hult International Business School (Ұлыбритания) «Бизнесті басқару» мамандығы бойынша аяқтады, 2022 жылы Назарбаев Университетінде «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.

Еңбек жолын 2011 жылы «Қамқор Менеджмент» ЖШС-де бастаған, онда инвестициялық саясат департаментінің бас менеджері қызметін атқарған. 2016 жылдан бастап атом саласында жұмыс істейді. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да корпоративтік басқару департаментінің менеджері және бизнесті дамыту департаментінің біріктіру және сіңіру бөлімінің (M&A) бастығы қызметтерін атқарды.

2019-2020 жылдары «КАТКО» БК» ЖШС атқарушы директорының орынбасары қызметін атқарды. 2021 жылдың шілдесінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ сату департаментінің директоры болып тағайындалды. 2023 жылдың маусымынан бастап коммерция жөніндегі бас директор қызметін атқарды және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ компаниясының басқарма мүшесі болды. 2024 жылдың сәуірінен бастап стратегия және халықаралық даму бойынша бас директор – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма мүшесі болып табылды.

«ҮМЗ» АҚ Дастан Ермекулы Кошербаевты Директорлар кеңесінің құрамына сайлануымен құттықтап, алдағы кәсіби қызметіне табыс тілейді.