Үлбі металлургиялық зауыты
акционерлік қоғамы

Болашақ металлургтерді даярлаудағы жаңа қадам

30.03.2026

Жоғары техникалық-гуманитарлық колледжде металлургиялық үдерістерді автоматтандырылған жобалау кабинеті – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК қолдауымен құрылған заманауи білім беру кеңістігі ашылды.

Іс-шараға Қазатомөнеркәсіп, ҮМЗ, ШҚО Білім басқармасының өкілдері, колледж басшылығы және, әрине, бұл кабинет солар үшін құрылғандықтан студенттердің өздері жиналды. Басты назар іс-тәжірибеге бағдарланған оқытуға аударылды: енді болашақ мамандар теорияны оқып қана қоймай, нақты өндірістік үдерістерді модельдей алады.

Салтанатты рәсімнен кейін қонақтар кабинеттің мүмкіндіктерімен танысты. Қазіргі заманғы жабдық есептеулерді орындауға, цифрлық деректермен жұмыс істеуге және өндірісте талап етілетін дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді.

Жоба білім беру мен өнеркәсіп арасындағы байланысты нығайтудағы тағы бір қадам болды, бұл студенттерге кәсіби өсуге және мансабын табысты бастауға көп мүмкіндік береді.